Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жетістіктеріміз
Құттықтаймыз!
27
қаңтар
2026
Құттықтаймыз!
№43 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімдері республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысып, жүлделі орындар мен сертификаттарға ие болды. Крыкбаев Назкен- ІІІ орын Джексенбиева Нурсулу- Грамота Әбдіқадыр Аида - сертификат Абылкайырова Жадыра -сертификат Қазыбек Ақниет - сертификатпен марапатталды. Қатысқан барлық мұғалімдерге шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен кәсіби өсу тілейміз!
Құттықтаймыз!
12
қаңтар
2026
Құттықтаймыз!
Алматы қаласы Жетісу ауданы  5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының аудандық кезеңінде математика пәнінен №43 жалпы білім беретін мектептің 5”Ә” сынып оқушысы Базарбай Раяна грамота иегері атанды және 7-8 сынып оқушылары арасында өткен  олимпиадада математика пәнінен  7 “А” сынып оқушы Назыров Алдияр жүлделі 1 -орын иегері атанып, қалалық олимпиадаға жолдама алды. Қалалық байқауда сәттілік тілейміз! Жетекшісі: Канназарова Тілектес Куанышбайқызы
Құттықтаймыз!
31
қазан
2025
Құттықтаймыз!
31.10.2025ж Алматы қаласы Білім басқармасының "Психологиялық қолдау орталығы" КММ ұйымдастаруымен "Психологиялық тренингтің үздік әдістемелік әзірлемесі" қалалық байқауының аудандық кезеңінен мектебіміздің педагог-психологы Наурызбаева Гулнара Ғабитқызын жүлделі екінші орнымен құттықтаймыз!
Құттықтаймыз!
21
мамыр
2025
Құттықтаймыз!
Астанадан сүйінші хабар!!! Алматы қаласы Жетісу ауданы №43 жалпы білім беретін мектептің 8 “А” сынып оқушысы Манай Гүлдариға Астана қаласында өткен 7-8 сынып оқушылары арасында Республикалық пән олимпиадасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен топ жарып 3-орын иеленді! Жеңімпаз дипломмен және сыйлықпен марапатталды. Жетекшісі: филология магистрі, педагог-зерттеуші Ағыман Балауса Амантайқызы. Республикалық аламанда топ жарып, мектеп мақтанышына айналған жеңімпаз Манай Гүлдариғаны ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Құттықтаймыз!!!
09
сәуір
2025
Құттықтаймыз!!!
Абай атындағы қазақ ұлттық университетінің ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай өткен “Асыл мұра” Абай туындыларын орыс тілінде жатқа оқу байқауында “Абай әлемі” номинациясы бойынша 10 сынып оқушысы Пішпек Анара дипломмен марапатталды. Жетекшісі Нурсеитова Кундызай Тынымбаевна.