Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Менің отбасымның тарихы – архив құжаттарында»
18
мамыр
2023
«Менің отбасымның тарихы – архив құжаттарында»
Қазақстан Республикасы Президенті Архиві мен Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны»дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының бірлесе ұйымдастырған «Менің отбасымның тарихы – архив құжаттарында»  мектептік оқу-зерттеу жұмыстарының конкурсында №43 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Жүнісхан Әсел жүлделі 3-орынға ие болды. Жетекшісі –қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманбаева Зауре Тынысбайқызы
Құттықтаймыз!
15
мамыр
2023
Құттықтаймыз!
Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 9-11 сыныптар арасындағы республикалық олимпиаданың  аудандық кезеңінің жеңімпазы 9-сынып оқушысы Сағидолла Айша  І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баикуришова С.С   Құттықтаймыз!
“Поэтикалық баттл”
02
мамыр
2023
“Поэтикалық баттл”
Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай ұйымдастырылған “Алматы БалаFEST” қалалық балалар фестивалінің “Кітап - білім бұлағы” атты көркем оқу байқауына қатысып “Поэтикалық баттл” номинациясында үздік нәтиже көрсеткені үшін Баймухан Мейрамбек 3 орын  Жетекшісі: Аманбаева З.Т.
Құттықтаймыз!
21
сәуір
2023
Құттықтаймыз!
№43 жалпы білім беретін мектептің 4 "А" сынып оқушылары Еркадирова Айзере мен Назыров Алдияр математика пәнінен "Алтын сақа" олимпиадасының аудандық кезеңінен жүлделі 2-орын иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды.
“Оқуға құштар мектеп”
13
сәуір
2023
“Оқуға құштар мектеп”
“Оқуға құштар мектеп”жобасы бойынша 5-6 -сыныптар арасында “Білімділер бәйгесі“ ұйымдастырылды.Оқушылар Б.Соқпақбаевтың “Он алты жасар чемпион” повесін оқып талдады. Мақсаты: Өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем шығармаларды насихаттау, кітапханаға келуші оқырман санын ұлғайту. Ұйымдастырушы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Баикуришова С.С  мектеп кітапханашысы А.А. Куренкеева
«Ілияс Жансүгіров оқулары»
09
сәуір
2023
«Ілияс Жансүгіров оқулары»
Респуликалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының аудандық кезеңінде «Ұлы тұлғаға арнау» бағыты бойынша 11 сынып оқушысы Баймұхан Мейрамбек  2 орынды иеленді.
“Әбіш оқулары”
08
сәуір
2023
“Әбіш оқулары”
Алматы қаласы білім басқармасы Жетісу ауданы білім бөлімі 8-11сынып оқушылары арасындағы республикалық “Әбіш оқулары” байқауының аудандық кезеңінде “Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы” номинациясының 1 Дәрежелі диплом жеңімпазы 9 “А”сынып оқушысы Сатыбалды Кәусар марапатталады