Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жылдың үздік сынып  жетекшісі»
23
қараша
2023
«Жылдың үздік сынып жетекшісі»
23 қараша 2023 жылы Алматы қаласы, Жетісу ауданы мектептері арасында аудандық  «Бүкіл әлем менің сыныбымда» атты «Жылдың үздік сынып  жетекшісі»  байқауы өтті.  Байқаудың мақсаты: Алматы қаласының білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының сапасын арттыру және мазмұнын жаңарту, сынып жетекшісінің қызметін жүзеге асыратын педагогтерді кәсіби жетілдіру. Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі, 4-сынып жетекшісі П. Нуралбекова 3-орынды иеленді.
"Махамбет оқулары"
08
қараша
2023
"Махамбет оқулары"
Алматы қаласы Жетісу ауданы №43 жалпы білім беретін мектептің 9 "Ә" сынып оқушысы Пішпек Анара "Махамбет оқулары" байқауының қалалық кезеңінде " Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер" бағыты бойынша қатысып, жеңімпаз атанды!  Байқауда топты жарып, жеңімпаз атанған Анара шәкіртіміз бен оны  аламанға  баптаған  білікті педагог  Ағыман Балауса Амантайқызын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Енді Республикалық "Махамбет оқулары" байқауында  бақ сынайтын дарынды шәкіртімізге тек сәттілік тілейміз! 
«Алақай» қуыршақ театры
20
қазан
2023
«Алақай» қуыршақ театры
№43 жалпы білім беретін мектебінің «Алақай» қуыршақ театры «Мектептегі театр» Алматы әлеуметтік-шығармашылық жобасына қатысып театр ұжымы дипломмен марапатталды.
Құттықтаймыз!
08
қазан
2023
Құттықтаймыз!
Жетісу ауданы, № 43 жалпы беретін мектептің  4"А" сынып оқушысы Нусалиев Еркебулан "Кенгуру" ойын-конкурсының | дәрежелі диплом,  Бакытжан Ерасыл | дәрежелі диплом  иегерлері атанды. Жетекшісі: Крыкбаева Н. К.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жетістіктері
07
қазан
2023
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жетістіктері
Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру,  ғылым негіздері бойынша білімдерін тереңдету мақсатында  «Дарын» республикалық  ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен   оқушылар "Кенгуру" байқауына қатысты.   Байқаудың  қорытындысы бойынша 2"А" сынып оқушылары  I, II  дәрежелі дипломдармен және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сертификаттарымен марапатталды.
"Кенгуру"  конкурсының жетістіктері
06
қазан
2023
"Кенгуру" конкурсының жетістіктері
Жетісу ауданы, №43жалпы білім беретін мектептің 8"Ә"сынып оқушысы Садыкова Сайера "Кенгуру" ойын-конкурсының | дәрежелі диплом, 6 "А" сынып Зәуірбек Дарын III орын,  8 "Ә" сынып Муратхан Айгерім III орын иегерлері атанды.
Алғыс хат
05
қазан
2023
Алғыс хат
Оқу-ағарту министрлігінің атынан төл мерекеміз- мұғалімдер күнімен министр Ғани Бейсенбаев №43 ЖББ мектептің ұжымын құттықтады.
"Кенгуру" ойын-конкурсы
01
қазан
2023
"Кенгуру" ойын-конкурсы
Алматы қаласы Жетісу ауданы №43 жалпы білім беретін мектептің 3"б"сынып оқушылары "Кенгуру" ойын-конкурсына қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Алпысбай Інжу ІІІ дәрежелі,Байболат Медина ІІІ дәрежелі,Нұрғазы Абдуррахим ІІІ дәрежелі орын иегерлері атанды.
"Мектептегі өзін-өзі басқару құрылымының үздік моделі"
20
мамыр
2023
"Мектептегі өзін-өзі басқару құрылымының үздік моделі"
19.05.2023 жылы Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен "Мектептегі өзін-өзі басқару құрылымының үздік моделі" қалалық байқауының жеңімпазы Жетісу ауданы N43 ЖББ мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кумбаева Раушан Абаевна 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!🌹🌹🌹
«Жас құтқарушы»
19
мамыр
2023
«Жас құтқарушы»
19.05.2023 жылы №43 ЖББ мектеп оқушылары «Жас құтқарушы» аудандық жарысының қорытындысы бойынша, жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленіп, қалалық байқауға жолдама алды. Жетекшісі—Қ.Бертаев  Сәттілік!