Ерлік ешқашан ұмытылмайды.
43 жалпы білім беретін мектепте Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай өткен тағылымды іс-шараға Ауған соғысының ардагері Бохан Кендебай Бекмолдаұлы (26.12.1961 ж.т.) арнайы қатысып, өзі бастан өткерген қиын да қасіретті күндер туралы естеліктерімен бөлісті. Бұл кездесу – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, Отан алдындағы борыш, ерлік пен батырлықтың шынайы бағасын түсіндіруге бағытталған маңызды шара болды. Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Ардагерлерге тағзым!