Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Ақпан 2026 года
43 ЖББ мектепте құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында учаскелік полиция инспекторы аға-лейтенант Жұмабаев Ж.М. қатысуымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
13
ақпан
2026
43 ЖББ мектепте құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында учаскелік
43 ЖББ мектепте құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында учаскелік полиция инспекторы аға-лейтенант Жұмабаев Ж.М. қатысуымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
5-11 сынып қыз балаларымен қыздар жиналысы
12
ақпан
2026
5-11 сынып қыз балаларымен қыздар жиналысы
12.02.2026ж №43 жалпы білім беретін мектепте 5-11 сынып қыз балаларымен жоспар бойынша, ДТІЖО Кумбаева Р. А, мектеп психологы Наурызбаева Г.Ғ, мектеп мейірбикесі Мусабекова У.Д, сонымен қатар #13 ҚЕ  акушер-гинекологы Жұлдызай Жалғасқызының қатысуымен “Жасөспірім қыздардың гигиенасы”, “Ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыптарында қыздар жиналысы өткізілді. Мақсаты: қыз бала гигиеналық тазалықты дұрыс сақтап, өз бойларын дөрекіліктен сақтандыру, қыздарды инабатты қыз болып өсуге баулу.
"Мұқағали оқулары"
11
ақпан
2026
"Мұқағали оқулары"
7-11 сынып оқушылары арасында республикалық "Мұқағали оқулары" байқауының аудандық кезеңінде "Жыр эстафетасы" номинациясының 2-орын иегері мектебіміздің 10 "А"сынып оқушысы Әбдібек Альбинаны құттықтаймыз! Жетекшісі: Ағыман Б.А.
Құттықтаймыз!
10
ақпан
2026
Құттықтаймыз!
Алматы қаласы Жетісу ауданы  5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының аудандық кезеңінде Қазақстан тарихы пәнінен №43 жалпы білім беретін мектептің 6 ”А” сынып оқушысы Әділбекұлы Мұхамедәли жүлделі 1 -орын иегері атанып, қалалық олимпиадаға жолдама алды. Қалалық байқауда сәттілік тілейміз! Жетекшісі: Асубаев Мират Кеңесбекұлы
Құттықтаймыз!
09
ақпан
2026
Құттықтаймыз!
Алматы каласы Жетісу ауданы 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық, жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының аудандық кезеңінде химия пәнінен Nº43 жалпы білім беретін мектептін 7»А» сынып оқушысы Базарбай Бексұлтан жүлделі 2- орын иеленді және 9-11 сынып оқушылары арасында өткен олимпиадада химия пәнінен 10 «А» сынып оқушысы Әбдібек Альбина 3-орын, биология пәні бойынша 9- сынып оқушысы Абдуразахова Мереке жүлделі 2 -орын жүлдегері атанды. Пән мұғалімі: химия-биология пәндері мұғалімі,
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына саяхат
06
ақпан
2026
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен
8 «А» және 8 «Ә» сынып оқушылары бірлесіп, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып, «Қара шекпен» қойылымын тамашалады. Қойылым мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор әсерлі туынды болды. Оқушылар спектакльді үлкен қызығушылықпен қарап, ерекше әсер алып, рухани байып қайтты. Сынып жетекшілері: Дүйсенбекова Г.Н. Марқабаева Ж.Б.