Халида Канатбекқызы Әжіғұловамен кездесу » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Халида Канатбекқызы Әжіғұловамен кездесу
14
қыркүйек
2022

Халида Канатбекқызы Әжіғұловамен кездесу

14.09.2022 жылы №43 ЖББ мектебінде ғалым заңгер-әлеуметтанушы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі, Лестер университетінің заң ғылымдарының докторы (PhD), Ұлыбританияның Оксфорд университетінің заң магистрі, қауымдасқан Еуразия технологиялық университетінің құқық профессоры, Ұлыбританиядағы қазақстандық PhD ғалымдар қауымдастығының құқықтық мәселелер бойынша директоры, Британ-Қазақ қоғамының Ғылым комитетінің тең төрағасы, «Болашақ мектебі» мектепте білім беруді реформалау қоғамдық жобасының модераторы Халида Канатбекқызы Әжіғұлованың қатысуымен ата-аналар мен мұғалімдер үшін кездесу ұйымдастырылды. 
Бұнымен қатар, Х. Әжіғұлова «Street Law Kazakhstan» балаларды зорлық-зомбылықтан және кибербуллингтен қорғау жөніндегі білім беру жобасының үйлестірушісі. Кибербулингтың негізгі түрлері: хабарламадағы қорқыту мен қорлау, чаттардан шығару, топтық қудалау, әлеуметтік желілерде біреудің жеке бас ақпаратын заңсыз пайдалану, электронды поштаны бұзу және жеке парақшалардан хаттар мен хабарламалар жіберу, жеке фотосуреттер, мәліметтер мен хаттарды тарату. Осы жобаның аясында балалардың Интернеттегі мінез-құлықтың негізгі мәселелері, соның ішінде әлеуметтік желілер мен желілік ойындар да талқыланады. Сонымен қатар, балалар мен білім беру ұйымдарының өкілдеріне кибербуллингтың алдын алу бойынша маңызды ұсыныстар жасалды. Ата-аналар тарапынан қойылған сауалдарға  Халида Канатбекқызы Әжіғұлова жауап бере отырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта Х. Әжіғұлова Еуразия технологиялық университетінің Адам құқықтары, инклюзия және азаматтық қоғам саласындағы зерттеулер орталығының директоры болып жұмыс істейді.

Похожие публикации:

01 қыркүйек 2018 Хабарландыру
05 маусым 2014 буйрык