Ата - аналар жиналысы » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата - аналар жиналысы
22
мамыр
2021

Ата - аналар жиналысы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, Алматы қаласы Білім басқармасының  жоспарына сәйкес 2020-2021 оқу жылының аяқталуын ұйымдастыру мақсатында Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысын өткізу тапсырмасына сәйкес ата-аналар жиналысы өтті. 
       Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысының мақсаты - ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) 2020-2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету және ата-ананың педагогтермен жеке сөйлесуі арқылы баланың үлгеріміне егжей-тегжейлі талдау жасауға мүмкіндік беру.
Мектеп директоры Г.А.Налибаева 2020-2021 оқу жылының қорытындысы, оқу жылының аяқталуы бойынша іс-шаралар (соңғы қоңырау, мектеп бітіру кеші), жазғы мектепті ұйымдастыру, келесі оқу жылына арналған мектеп формасы және т.б. мәселелер туралы айтып өтті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.А.Кумбаева балалардың өмір қауіпсіздігі (өрт, су, жолда жүру т.б.). Құқық бұзушылықты алдын алу шараларына тоқталды.
Мектеп психологі І.Е.Серік жасөспірімдердің суицидке бару әрекеттері және ерте жүктіліктің алдын алу мәселелері туралы айтты.

Похожие публикации:

12 қараша 2020 "Дарынды әлем!"
07 қараша 2020 "Асар"
12 қыркүйек 2019 Ата-аналар жиналысы
05 маусым 2014 буйрык