Қамқоршылық кеңес отырысы » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңес отырысы
05
қыркүйек
2018

Қамқоршылық кеңес отырысы

Алматы қаласы Жетісу ауданы

№43 жалпы білім беретін мектептің

Қамқоршылық кеңес отырысының №1 хаттамасы

Күні:04.09.2018ж

Қатысқандар:

Мектеп директорыГ.А.Налибаева

Қамқоршылық кеңесінің мүшелері


Күн тәртібінде:

1.«Қамқоршылық кеңестің» төрағасы мен орынбасарын сайлау.

2.«Қамқоршылық кеңестің» ережесімен,мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру

3.2018-2019  оқу жылындағы «Қамқоршылық кеңестің» жұмыс жоспарын талқылау, бекіту


Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша  мектеп директоры  Г.А.Налибаева сөз алып,  жиналысқа қатысушыларды отырыстың күн тәртібіндегі мәселелерімен таныстырып өтті. Сонымен қатар, Қамқоршылық кеңестің құрамына кімдер  ену керектігін  және олардың  функционалдық міндеттеріне  тоқталып өтіп,  қамқоршылық кеңесінің құрамына кіруге өтініштердің  қабылданғанын айтып, тізімге байланысты жеке тоқталып өтті. Кеңеске қатысушылардың  ортақ ұсынысымен  қамқоршылық кеңесінің  төрағасы мен орынбасарын сайлау  сайлау ұсынылды.  Осы кеңесте ақылдаса отырып,  қамқоршылық кеңесінің  төрайымы етіп Оспамбаева Ақнұр Сергалиевнаны, қамқоршылық кеңесі  төрайымының орынбасары болып Бадиева Баян Кашкинбековнаны ұсынды. 

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектеп директоры Г.А.Налибаева сөз алып,  жиналысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің  бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында  оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ережесімен  таныстырып, талқылады.  Қамқоршылық кеңесі  қоғамдық бірлестік  бірге басқарудың  қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және  білім беру жүйесіндегі  ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға  қосымша қаражат тарту мақсатында құрылатындығын айта келіп,  міндеттеріне тоқталды. 

Жалпы білім беру ұйымдарының  жұмысының айқындығын арттыруға  және жетілдіруге бағытталған  бастамалар ұсыну  және оны талқылауға; 

Жалпы  білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын мен оқу  базасын нығайту  және жетілдіру, оның аумағы мен  кабинеттерін көбейтуге;

Білім беру үдерісін  іске асыру  жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен  денсаулығын сақтауға  жәрдем көрсетуге;

Мектеп органдарының жұртшылықпен тиімді қарым-қатынасы үшін жағдай жасауға;

Мектептің білім берушілік,  қаржылық, кадрлық әлеуетін арттыруға, қаржыландырудың  қосымша көздерін мектепке тартуға,  оқушылардың  құқықтары мен мүдделерін қорғау керектігі айтып өтілді. 

Үшінші мәселе бойынша мектеп директоры  Г.А.Налибаева 2018-2019 оқу жылындағы қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын бекіту туралы айтып өтті. 2018-2019 оқу жылындағы қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары тыңдалып, бекітілді.  Мектеп басшысы өз  сөзінде  2018-2019 оқу жылында  Қамқорлықкеңесінің құрамында 15  адам жұмыс жасайтындығын айтып өтіп,  болашақта мектептің ішкі-сыртқы қоғамдық жұмыстарына белсене араласып,  мектеп ұжымымен  тығыз байланыста болатындығы туралы  айтты. 

Шешім:

1.Қамқоршылық  кеңес мүшелері  жұмыс жоспарымен таныстырылып, бекітілген жоспарға сай жұмыс жасау тапсырылсын.

2.Қамқоршылық кеңесінің 2018-2019 оқу жылындағы жұмыс жоспары талапқа сай деп танылсын.

3.Қамқоршылық  кеңес мүшелерімен жүргізілетін  жұмыстар жүйелі  атқарылсын. 



Қамқорлық кеңесінің төрайымы:                      А.С.Оспамбаева 

Хатшы:                                                        А.Б. Алишова