«Таза Қазақстан» » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Таза Қазақстан»
26
сәуір
2024

«Таза Қазақстан»

Елімізде Мемлекет басшысының қолдауымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы, ал әсем қаламызда «Алматы – ортақ үйіміз!» атты кампаниясы  басталған.
Бүгін біздің мәслихат депутатымыз Дулат Тастекейдің қолдауымен Жетісу ауданындағы ауданымызда жаяу жүргіншілер жолын, көшелерді, алаңдарды, аллеяларды тазалау жұмыстары жүргізілді.
2023 жылдың соңында депутат өз қаражатына ашқан «TAS Group» аллеясы тазартылды.
Осындай  іс-шаралар қала тұрғындарының тазалық пен қоршаған ортаға қамқорлық мәдениетін дамытуға көмектеседі және ынталандырады. Тек бәріміз бірігіп Алматыны таза әрі әдемі ете аламыз!
Бұл шараға 43 мектептің мұғалімдері мен оқушылары, қала тұрғындары, «TAS Group» компаниясымен, жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің қызметкерлері, Жетісу ауданының белсенділері,  қатысты.
Пайдалы шара ұйымдастырып, тұрғындарға ілтипат білдірген депутат Дулат Тастекейге алғысымызды білдіреміз. Біздің сұрақтарымыз әрқашанда депутатымыздың назарында, қуаныштымыз !