2023 жылдың 1 сәуірінен бастап балаларды бірінші сыныптарға қабылдау басталады. » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап балаларды бірінші сыныптарға қабылдау басталады.
23
наурыз
2023

2023 жылдың 1 сәуірінен бастап балаларды бірінші сыныптарға қабылдау басталады.

2023 жылдың 1 сәуірінен бастап балаларды бірінші сыныптарға қабылдау басталады. Мемлекет меншігіндегі орта білім беру ұйымдарына қабылдау электрондық нұсқада httрs://egov.kz/ электрондық үкімет порталында жүргізіледі.
Бастапқы білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асырушы білім беру ұйымдары дайындық денгейіне қарамастан , білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағына қарасты жерде тұратын барлық алты жасқа толған балаларды  және ағымдағы жылдың  соңына дейін алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды іске асырады.
Бірінші сыныпқа тіркеу ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін жүргізіледі. Қызмет тегін көрсетіледі.
Қажетті құжат тізімі:
➢ Ата- ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
➢ Туу туралы куәлік   (электронды түрде қалыптасады)
➢ Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
➢ Егу паспорты  (065/у нысаны) 
➢ Баланың суреті (3*4 өлшемді)-2 шт