Бірінші сыныпқа қабылдау жайлы пресс-релиз » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бірінші сыныпқа қабылдау жайлы пресс-релиз
03
маусым
2022

Бірінші сыныпқа қабылдау жайлы пресс-релиз

#Repost @edu.almaty with @make_repost ・・・ Бірінші сыныпқа қабылдаудың басталуы жайлы ПРЕСС-РЕЛИЗ 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап қаланың бірінші сыныптарына қабылдау басталады. Мемлекет меншігіндегі орта білім беру ұйымдарына қабылдау электрондық нұсқада https://egov.kz/ электрондық үкімет порталында жүргізіледі. Бастапқы білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асырушы білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағына қарасты жерде тұратын барлық алты жасқа толған балаларды және ағымдағы жылдың соңына дейін алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды іске асырады. Бірінші сыныпқа тіркеу ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін жүргізіледі. Қызмет тегін көрсетіледі.