Көрісу күнімен құттықтаймыз!🌷🌷🌷 » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Көрісу күнімен құттықтаймыз!🌷🌷🌷
15
наурыз
2024

Көрісу күнімен құттықтаймыз!🌷🌷🌷

Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күн! Көрісу күнімен құттықтаймыз!🌷🌷🌷

🌷🌷🌷Көрісу күні- қазақ халқының ежелден сақталған дәстүрі. Бұл күнді «Амал мерекесі» деп те атайды.
Адамның адаммен, жылдың жылмен, қауышқан шағы. Пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиген шақ. Көрісу күні қазақ халқы бір-бірінің үйіне барып, өкпе-реніштерін ұмыт қалдырып, бір-біріне жақсы, жылы лебіздерін білдіріп жатады. Хакім Абайдың өзі «Қырдағы ел, ойдағы елмен араласып. Күлімдесіп, көрісіп, мауқын басып» деп жырлаған екен.