1 сыныпқа құжат қабылдау жалғасуда!!! » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 сыныпқа құжат қабылдау жалғасуда!!!
20
маусым
2022

1 сыныпқа құжат қабылдау жалғасуда!!!

1 сыныпқа құжаттарды қабылдау

Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары.

Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы балаларды мектепке қабылдау ережелеріне Министрлік өзгерістер енгізді. Енді 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді.

1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz порталы арқылы көрсетіледі.

Қандай құжаттар қажет?

• Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
• Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)
• Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
• Егу паспорты (065/у нысаны)
• Баланың суреті (3*4 өлшемді)

Балаларды мектепке қабылдау ережелері туралы барлық сұрақтар бойынша жергілікті білім басқармаларына хабарласып, әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы өзекті ақпаратты білуге болады.

Біздің болжамымыз бойынша, биыл бірінші сыныпқа 400 мыңнан астам бала барады.