Саят Қамшыгермен кездесу
Аяулы мектебімізде ұлық мереке - Тәуелсіздік күні аясындағы іс шаралар өз жалғасын табуда. ҚР Жазушылар одағының мүшесі, бірнеше жыр жинақтарының авторы, ақын, аудармашы, “Серпер” сыйлығының лауреаты, ҚР Ақпарат саласының үздігі Саят Қамшыгермен кездесу кеші ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар ақын ағаларынан өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, ақынның жыр қоржынындағы өлеңдерін жатқа оқыды. Ән мен күйге өрілген шығармашылық рухани кездесу кеші қызықты әрі тартымды өтті.