17
желтоқсан
2024
Тәуелсіздік күні құтты болсын
13 желтоқсан Қазақстан Тәуелсіздігіне арналған концерттік бағдарлама өтті. Шара барысында оқушылар мен ұстаздар еліміздің тарихына шолу жасап, патриоттық әндер мен өлеңдер орындады. Концертте ұлттық би қойылымдары көрсетіліп, Тәуелсіздіктің маңыздылығы мен құндылығы туралы мазмұнды көріністер ұсынылды. Бұл мереке барша қатысушылардың жүрегіне мақтаныш пен патриотизм сезімін ұялатты.🇰🇿🇰🇿🇰🇿