Ақын, драматург Бақыт Беделханмен кездесу
Аяулы мектебімізде қазіргі жас буынның сүйікті ақыны, Алаш сыйлығының иегері, ақын, драматург Бақыт Беделханмен кездесу өтті. Қара сөзден қамшы өрген арқалы ақынға жастар ерекше ықылас танытты. Кездесуде ақынның жүрекжарды жырлары оқылып, ғұмырнамасы таныстырылды. Ақын Бақыт Беделхан өзінің ой-толғаныстарымен бөлісіп, оқушыларға сиясы кеппеген өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, «Жаннан тәтті өмір» атты өлеңін домбырамен орындап, жырдан шашу шашты. Сыр-сұқбатқа толы әсерлі кеште жастар өздерін