Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ақын, драматург Бақыт Беделханмен кездесу
12
ақпан
2025

Ақын, драматург Бақыт Беделханмен кездесу

Аяулы мектебімізде  қазіргі жас буынның сүйікті ақыны,  Алаш сыйлығының иегері, ақын, драматург Бақыт Беделханмен кездесу өтті. Қара сөзден қамшы өрген арқалы ақынға жастар ерекше ықылас танытты. Кездесуде ақынның жүрекжарды жырлары оқылып, ғұмырнамасы таныстырылды. Ақын Бақыт Беделхан өзінің ой-толғаныстарымен бөлісіп, оқушыларға сиясы кеппеген  өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, «Жаннан тәтті өмір» атты өлеңін домбырамен орындап, жырдан шашу шашты. Сыр-сұқбатқа толы  әсерлі кеште жастар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, ақынның адами болмысы мен рухани әлемімен жақын таныса алды. Поэзияны сүйетін жастарымыз  үшін бүгінгі кездесу рухани демалыс болды.