Республика күніне орай жас суретшілердің шығармашылығы
Республика күніне арналған көрме №43 жалпы білім беретін мектебінде Республика күніне орай жас суретшілердің шығармашылығына арналған көрме өтті. Көрмеде оқушылардың елге деген сүйіспеншілігі мен патриоттық рухын бейнелейтін туындылары қойылды. Әрбір шығарма — Отанға деген мақтаныш пен сүйіспеншіліктің көрінісі болды. Осындай іс-шаралар арқылы мектеп оқушылары өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдап қана қоймай, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің маңызын сезінді.