Мероприятие » Страница 2 » 43 школа
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №43»
Управления образования города Алматы
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Бухгалтерия
+7(727) 3827380
Версия для
слабовидящих
» » Страница 2
“ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ”
12
апрель
2024
“ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ”
МАДАҚТАМА Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған “Алматы Балафест” қалалық балалар фестивалінің “ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ”, “Хореография” номинациясы бойынша аудандық байқауында орта жас тобы “Нәзік” би тобы   жүлделі || ОРЫН иеленді.
«Қыз-ұлттың айнасы»
11
апрель
2024
«Қыз-ұлттың айнасы»
Алматы қаласы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында «Қыз-ұлттың айнасы» атты аудандық қыз сыны байқауы өткізілді. Байқауға 10- сынып оқушысы Сатыбалды Кәусар  қатысып, жүлделі 3-орынды иеленді.
Тастекеев Дулат Тұрсынұлына  алғыс
10
апрель
2024
Тастекеев Дулат Тұрсынұлына алғыс
Мектебіміздің «Нәзік» бишілер тобына қазақ көйлек тігуге демеушілік еткен Қазақстанның кәсіпкері, меценат, “TAS GROUP” компаниялары тобының негізін қалаушысы және басқарушысы,Алматы қаласы маслихатының депутаты Тастекеев Дулат Тұрсынұлына зор алғысымызды білдіреміз!
“Өнерлі ұстаз-2024”
05
апрель
2024
“Өнерлі ұстаз-2024”
Музыка пәнінің мұғалімі Шәлекен Бақберген Жетісу  ауданының  жас ұстаздары арасында “Өнерлі ұстаз-2024” байқауына қатысып 2-орын иеленді!
Кәсіптік бағдар беру
03
апрель
2024
Кәсіптік бағдар беру
Кәсіптік бағдар беру  Мектептің 9сынып оқушылары 3ші апрель күні “Туризм және қонақжайлылық индустриялық” колледжіне  барып, шебер сыныпқа қатысты.   Мектеп оқушылары колледжбен танысып,  жағымды әсер алып қайтты.
"Ұлттық ойын —халық мұрасы"
20
март
2024
"Ұлттық ойын —халық мұрасы"
20—Март —Ұлттық спорт күні "Ұлттық ойын — халық мұрасы","Ұлы дала тарландары" атты қазақтың ұлттық ойындарынан жарыстар өткізу. №43 жалпы білім беретін  мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері  мектеп оқушыларымен әр түрлі ойындар ұйымдастырды:   садақ ату, бесасық, асықату, гір көтеру, ләңгі тебу т. б ойындар өткізілді. 
“Хорошийлық жасауға кешікпе”
15
март
2024
“Хорошийлық жасауға кешікпе”
“Мартнама” онкүндігінің бірі 15 март – Қайырымдылық күні. Осыған орай, №43 жалпы білім беретін мектебінің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері “Хорошийлық жасауға кешікпе” атты қайырымдылық акциясы аясында әртүрлі қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруда
Көрісу күнімен құттықтаймыз!🌷🌷🌷
15
март
2024
Көрісу күнімен құттықтаймыз!🌷🌷🌷
Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күн! Көрісу күнімен құттықтаймыз!🌷🌷🌷 🌷🌷🌷Көрісу күні- қазақ халқының ежелден сақталған дәстүрі. Бұл күнді «Амал мерекесі» деп те атайды. Адамның адаммен, жылдың жылмен, қауышқан шағы. Пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиген шақ. Көрісу күні қазақ халқы бір-бірінің үйіне барып, өкпе-реніштерін ұмыт қалдырып, бір-біріне жақсы, жылы лебіздерін білдіріп жатады. Хакім Абайдың өзі «Қырдағы ел, ойдағы елмен араласып. Күлімдесіп, көрісіп, мауқын басып» деп жырлаған екен.
14 март -"Көрісу күні - Амал мерекесі"
14
март
2024
14 март -"Көрісу күні - Амал мерекесі"
Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс.  Дана халқымыздың салтына сәйкес мектебіміздің мұғалімдері аға буын өкілдері - ардагер ұстаздардан амандық-саулық сұрасып, сәлем берді 
"Көктем аруы 2024"
13
март
2024
"Көктем аруы 2024"
Мектебімізде 13.03.2024ж. күні "Көктем аруы 2024" атты 5-10 сыныптар арасында қыз сыны байқауы өтті. Мақсаты : Қыз балаларды имандылыққа, шапшаңдыққа, тазалыққа, шеберлікке баулу.