1 май -Қазақстан халқының бірлігі күні » 43 школа
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №43»
Управления образования города Алматы
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Бухгалтерия
+7(727) 3827380
Версия для
слабовидящих
» » 1 май -Қазақстан халқының бірлігі күні
30
апрель
2024

1 май -Қазақстан халқының бірлігі күні

1 май -Қазақстан халқының бірлігі күні  Тілі бөлек болғанымен тілегі бір Ұлы достық мәпелеген жүрегі гүл, Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр. Қуаныштан желкілдейдітүндігім Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін, Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты, Бар тамырмен байлап қойған кіндігін.   Мектебімізде 1 май -Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай  ұйымдастырылған іс -шара жоспарына сәйкес , “Бір шаңырақ астында" тақырыбында ұлттар достастығына іс-шара ұйымдастырылып, сыныптар  әр түрлі ұлттардың өнерін көрсетіп, таныстырды. Мақсаты:  Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді сіңдіру. Оқушыларды ынтымақтастыққа, бауырмалдыққа, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге,  сыйластыққа тәрбиелеу;  сөздік қорын молайту,  жүйелі сөйлеуге дағдыландыру.