Мероприятие » Страница 8 » 43 школа
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №43»
Управления образования города Алматы
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Бухгалтерия
+7(727) 3827380
Версия для
слабовидящих
» » Страница 8
«Ақ кербез» ансамбілі
14
ноябрь
2023
«Ақ кербез» ансамбілі
12.11.2023 жылы «Boom Dance» республикалық шығармашылық байқауында №43 жалпы білім беретін мектебінің «Ақ кербез» ансамбілі «Қамажай» би тобы халық биі номинациясы бойынша жүлделі«Гран-при» иеленді.  Жетекшісі: Тоқтасын Несібелі Мұратқызы
«Ұлттық валюта – теңге»
13
ноябрь
2023
«Ұлттық валюта – теңге»
Алматы қаласы Жетісу ауданы №43 ЖББМ «Ұлттық валюта күніне» орай ноябрь айының 14 күні 1-11 сыныптар арасында «Ұлттық валюта – теңге» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты:оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі — теңгемен таныстыру, төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы  мағлұматтар беру.
"Жарқын болашақ"
09
ноябрь
2023
"Жарқын болашақ"
№ 43 жалпы  білім беретін мектебінде "Ұшқыр ой" дебат алаңы  мектепшілік турнирінде "Жарқын болашақ" дебат клубы "БП әлем нашақорлықпен күресте жеңілуде деп есептейді" тақырыбында дебат ойыны ұйымдастырылды. Турнирдің мақсаты: нашақорлықтың, темекі шегудің және алкоголизмнің алдын алу мен оқушылар арасында таралуына жол бермеу, зияны мен зардабын ұғындыру. Спикерлер нашақорлықпен күресте жеңу үшін өз ойларын айтып, жан-жақты талдап, мұндай жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды
"Махамбет оқулары"
08
ноябрь
2023
"Махамбет оқулары"
Алматы қаласы Жетісу ауданы №43 жалпы білім беретін мектептің 9 "Ә" сынып оқушысы Пішпек Анара "Махамбет оқулары" байқауының қалалық кезеңінде " Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер" бағыты бойынша қатысып, жеңімпаз атанды!  Байқауда топты жарып, жеңімпаз атанған Анара шәкіртіміз бен оны  аламанға  баптаған  білікті педагог  Ағыман Балауса Амантайқызын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Енді Республикалық "Махамбет оқулары" байқауында  бақ сынайтын дарынды шәкіртімізге тек сәттілік тілейміз! 
АДАЛ ҰРПАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
07
ноябрь
2023
АДАЛ ҰРПАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
АДАЛ ҰРПАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ   N43 орта мектептің тәлімгерінің  ұйымдастыруымен  "Адал ұрпақ - саналы ұрпақ" тақырыбында клуб мүшелерімен ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Тоқтаңыз, басып кету қаупі бар!»
06
ноябрь
2023
«Тоқтаңыз, басып кету қаупі бар!»
2023 жылдың 6 ноябрь күні  Алматы 2 Желілік полиция бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Аитов Айдын Зейнелханович пен  полиция подполковнигі Жалдыбаева Ләзат Абдильманатовна директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.А.Кумбаеваның қатысуымен, №43 ЖББ мектептің  5-7 - сынып оқушыларына «Тоқтаңыз, басып кету қаупі бар!» тақырыбында әңгіме-дәріс жүргізді.
«Театрдың ғажайып әлемі»
03
ноябрь
2023
«Театрдың ғажайып әлемі»
31 октябрь күні 2023 жылы Қазақ радиосына №43 жалпы білім беретін мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р. А. Кумбаева құрметті қонағы ретінде шақырылды. «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауында жеңімпаз атанған «Алақай» қуыршақ театрының жетекшісі мектептегі театр туралы  сұхбат берді.
Волейбол жарысы
01
ноябрь
2023
Волейбол жарысы
№43 жалпы білім беретін мектебінде  күзгі демалыс кезінде атқарылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес мектебімізде 9-11 сынып оқушылары мен мұғалімдер арасында волейбол жарысы ұйымдастырылды. Оқушыларды салауатты өмірге баулып, бос уақытын тиімді пайдалануға дағдыландыру  басты міндеті болып табылады.