Іс-шаралар » Страница 6 » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 6
Асық ату және бес асық челленджі.
17
қараша
2023
Асық ату және бес асық челленджі.
Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында оқушыларға, ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып №43 жалпы білім беретін мектепте тәрбие жоспарына сәйкес «4 тоқсан-4 өнер» жобасына сәйкес 6-7 сынып оқушылары арасында білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, елдің мәдени мұрасын сақтау және ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында «Бес асық», «Асық ату» ұлттық ойындарынан челленджі өткізілді. Оқушылар челледж барысында ептіліктерін көрсетіп, мергендік танытты
«Отбасым-менің тірегім!»
16
қараша
2023
«Отбасым-менің тірегім!»
Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде Даналық мектеп жоспары бойынша 16.11.2023 жылы №43 жалпы білім беретін мектепте 2- сыныптар арасында «Отбасым-менің тірегім!» атты  отбасылық спорттық сайыс өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
«Boom Dance»
14
қараша
2023
«Boom Dance»
12.11.2023 жылы «Boom Dance» республикалық шығармашылық байқауында №43 жалпы білім беретін мектебінің «Ақ кербез» ансамбілі «Көктем вальсі» би тобы  жүлделі 2-орынды иеленді.  Жетекшісі: Тоқтасын Несібелі Мұратқызы
«Boom Dance»
14
қараша
2023
«Boom Dance»
12.11.2023 жылы «Boom Dance» республикалық шығармашылық байқауында №43 жалпы білім беретін мектебінің «Ақ кербез» ансамбілі «Ретро» би тобы  жүлделі 2-орынды иеленді.  Жетекшісі: Тоқтасын Несібелі Мұратқызы
«Ақ кербез» ансамбілі
14
қараша
2023
«Ақ кербез» ансамбілі
12.11.2023 жылы «Boom Dance» республикалық шығармашылық байқауында №43 жалпы білім беретін мектебінің «Ақ кербез» ансамбілі «Калинка» би тобы халық биі номинациясы бойынша жүлделі 1-орынды  иеленді.  Жетекшісі: Тоқтасын Несібелі Мұратқызы
«Ақ кербез» ансамбілі
14
қараша
2023
«Ақ кербез» ансамбілі
12.11.2023 жылы «Boom Dance» республикалық шығармашылық байқауында №43 жалпы білім беретін мектебінің «Ақ кербез» ансамбілі «Қамажай» би тобы халық биі номинациясы бойынша жүлделі«Гран-при» иеленді.  Жетекшісі: Тоқтасын Несібелі Мұратқызы
«Ұлттық валюта – теңге»
13
қараша
2023
«Ұлттық валюта – теңге»
Алматы қаласы Жетісу ауданы №43 ЖББМ «Ұлттық валюта күніне» орай қараша айының 14 күні 1-11 сыныптар арасында «Ұлттық валюта – теңге» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты:оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі — теңгемен таныстыру, төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы  мағлұматтар беру.
"Жарқын болашақ"
09
қараша
2023
"Жарқын болашақ"
№ 43 жалпы  білім беретін мектебінде "Ұшқыр ой" дебат алаңы  мектепшілік турнирінде "Жарқын болашақ" дебат клубы "БП әлем нашақорлықпен күресте жеңілуде деп есептейді" тақырыбында дебат ойыны ұйымдастырылды. Турнирдің мақсаты: нашақорлықтың, темекі шегудің және алкоголизмнің алдын алу мен оқушылар арасында таралуына жол бермеу, зияны мен зардабын ұғындыру. Спикерлер нашақорлықпен күресте жеңу үшін өз ойларын айтып, жан-жақты талдап, мұндай жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды
"Махамбет оқулары"
08
қараша
2023
"Махамбет оқулары"
Алматы қаласы Жетісу ауданы №43 жалпы білім беретін мектептің 9 "Ә" сынып оқушысы Пішпек Анара "Махамбет оқулары" байқауының қалалық кезеңінде " Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер" бағыты бойынша қатысып, жеңімпаз атанды!  Байқауда топты жарып, жеңімпаз атанған Анара шәкіртіміз бен оны  аламанға  баптаған  білікті педагог  Ағыман Балауса Амантайқызын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Енді Республикалық "Махамбет оқулары" байқауында  бақ сынайтын дарынды шәкіртімізге тек сәттілік тілейміз! 
АДАЛ ҰРПАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
07
қараша
2023
АДАЛ ҰРПАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
АДАЛ ҰРПАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ   N43 орта мектептің тәлімгерінің  ұйымдастыруымен  "Адал ұрпақ - саналы ұрпақ" тақырыбында клуб мүшелерімен ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.