Іс-шаралар » Страница 4 » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 4
«Жігіт сұлтаны -2024»
15
қаңтар
2024
«Жігіт сұлтаны -2024»
15.01.2024 жылы №43 жалпы білім беретін мектебінде  5-10 сынып оқушылары арасында «Жігіт сұлтаны -2024» байқауы ерекше жоғары деңгейде өтті. Жүзден жүйрік қатысушылар байқауға барын салды. Бес кезең бойынша бақтарын сынап, бірі өнерімен таңдандырса, енді бірі алғырлығымен, шымырлығымен көзге түсті.  Байқау нәтижесінде, 🏆Бас жүлдені 10"А" сынып оқушысы Найманов Әли 🥇орынға 7"Ә" сынып оқушысы Қабылқақ Нұрасыл мен 9"Ә" сынып оқушысы Наурызбай Ислам  еншілесе, 🥈орынды 9"А" сынып оқушысы Доянбаев
«Көліктегі қауіпсіздік»
09
қаңтар
2024
«Көліктегі қауіпсіздік»
2024 жылдың 9 қаңтар күні  Алматы 2 Желілік полиция бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Аитов Айдын Зейнелханович мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.А.Кумбаеваның қатысуымен, №43 ЖББ мектептің  4,7 - сынып оқушыларына «Көліктегі қауіпсіздік» тақырыбында әңгіме-дәріс жүргізді.
«Адал ұрпақ –ұлт болашағының кепілі»
09
қаңтар
2024
«Адал ұрпақ –ұлт болашағының кепілі»
Адал ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе. Халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу- барлығымыздың борышымыз. Болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай, адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек.Адал еңбекқорлық-еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс – әрекеттерден аулақ болудан тұрады. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан
"Мен оқыған бір ертегі"
08
қаңтар
2024
"Мен оқыған бір ертегі"
Халқымыздың балаға тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі-ертегі. Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие. Ертегі баланы адалдыққа,тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.Тіл байлығын арттырады. Осы орайда 3"Б"сынып оқушыларымен "Мен оқыған бір ертегі" тақырыбында әңгіме жүргізілді. Оқушылар өздері оқыған ертегілерінің қысқаша мазмұнымен таныстырды.
"Әуезов және Айтматов"
19
желтоқсан
2023
"Әуезов және Айтматов"
Біртұтас тәрбие жоспарына   сәйкес  "Ассамблея жастары" жетекшілерімен мектеп парламенті "Әуезов және Айтматов: қырғыз-қазақ руханиятының алтын діңгектері" атты Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдық мерейтойына арналған әдеби кездесуге қатысып,  Қырғыз елінің өнерін тамашалады.
Құттықтаймыз!
18
желтоқсан
2023
Құттықтаймыз!
Жетісу ауданы №43 жалпы білім беретін мектептің 5 «А» сынып оқушылары математика пәні бойынша Алтын Сақа олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысып, Назыров Алдияр 1- орынды иеленіп, қалалық кезеңге жолдама иеленсе, Жүнісхан Әділет грамотамен мадақталды.  Жетекшісі: математика пәні мұғалімі Канназарова Тілектес. Білім алушыларды марапаттарымен құттықтаймыз!
16 ЖЕЛТОҚСАН-ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
14
желтоқсан
2023
16 ЖЕЛТОҚСАН-ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
16 ЖЕЛТОҚСАН-ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ  №43 жалпы білім беретін мектебінде "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында “Ұлттық мүдде” құндылығы негізінде 12-желтоқсан күні 1-11 сынып оқушыларына “Тәуелсіздік” күніне орай “Ұлттық рух-тәуелсіздік тірегі” тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттары өтті. ✅Мақсаты:Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу. Оқушылардын таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын, Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. «Патриот» сөзінің терең
«Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен»
13
желтоқсан
2023
«Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен»
№43 жалпы білім беретін мектебінде   5-7сынып оқушылары арасында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Марқабаева Жұлдыздың ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен» атты сурет көрмесі өтті. Көрмеге оқушылар белсене қатысып, еліміздің жарқын көріністерін сурет арқылы көрсете білді.   📌Көрменің негізгі мақсаты – өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық бірлікке тәрбиелеу, өнерге баулу, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету
"Ұмытылмас Желтоқсан"
12
желтоқсан
2023
"Ұмытылмас Желтоқсан"
Тәуелсіздік мерекесіне орай Алматы қаласы Жетісу ауданы №43 жалпы білім беретін мектепте 12.12.2023ж  тарих пәнінің мұғалімдері А.Тлеубаева, М.Асубаевтың жетекшілігімен  "Желтоқсан қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, желтоқсаншы Қуаңбаев Нұрлыбек Шамшатұлымен "Ұмытылмас Желтоқсан" атты кездесу өтті. Кездесу барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, желтоқсаншыға өз сауалдарын қойды.
“Егемен елдің ұландары”
11
желтоқсан
2023
“Егемен елдің ұландары”
 “Егемен елдің ұландары” спорттық жарысы  Тәуелсіздік күніне орай №43 жалпы білім беретін мектебінде  дене тәрбиесі пән оқытушыларының ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушылары арасында “Егемен елдің ұландары” атты спорттық жарысы өтті. Іс-шараның басты мақсаты Тәуелсіздік күнін дәріптеу және білім алушыларға салауатты өмір салтын насихаттау.