«Еркін тыныс ал!» » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Еркін тыныс ал!»
20
қараша
2023

«Еркін тыныс ал!»

№43 жалпы білім беретін мектебінде «Еркін тыныс ал!» атты жалпыреспубликалық флешмоб өтті. 
Мақсаты: балалардың салауатты өмір салтына деген ұмтылысын қолдау, вейпингтің зияны, оның ағзаға тигізетін кері әсері, адамның жалпы хал-жайына, көңіл-күйіне және өмірлік белсенділігіне теріс әсер ету туралы хабардарлық деңгейін арттыру.
Міндеттері:
• вейпингтің зияны, құрамында никотині бар кез келген өнімдерді тұтынудың негізгі қауіптері мен салдары туралы толық, ғылыми негізделген ақпарат беру;
• белсенді өмір салтын насихаттау: жаман әдеттерге балама ретінде физикалық белсенділік пен спортты насихаттау;
• әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық пайдалы мақсаттардың негізінде мектеп қауымдастығы ішінде бірігу және өзара әрекеттесу;
• оқушылардың ақпаратты талдау және салауатты өмір салтының пайдасына шешім қабылдау дағдыларын дамыту;
• оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашу;
• жеке өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігі;
• өз өмірі мен денсаулығы үшін жеке жауапкершілікті сезіну, пайдалы әдеттерді дамыту, отбасында, ұжымда, қоғамда өзін-өзі ұстау арқылы құқықтық тәрбие беру.


Похожие публикации:

12 қараша 2020 "Дарынды әлем!"
13 қаңтар 2015 4-қосымша