Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
06
сәуір
2026

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!   Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты «№43 жалпы білім беретін мектеп» әкімшілігі 2025–2026 оқу жылының аяқталуына байланысты өткізілетін соңғы қоңырау іс-шаралары мен қорытынды аттестаттау кезеңінде, соның ішінде 4, 9 және 11-сынып білім алушыларына қатысты төмендегі талаптарды ресми түрде хабарлайды: - Қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес, педагогикалық әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында білім беру ұйымы қызметкерлеріне қандай да бір сыйлықтар беру, сондай-ақ қаржы қаражатын жинау әрекеттеріне қатаң түрде тыйым салынады.  -Сонымен қатар, білім беру процесіне қатысы жоқ үшінші тұлғаларды (аниматорлар, түрлі студиялар мен агенттіктер өкілдерін) тартуға жол берілмейді. - Мектептің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету немесе жөндеу жұмыстарына қажетті тауарларды сатып алу үшін білім алушылар мен олардың ата-аналарынан қаржы жинауға рұқсат етілмейді. -Білім алушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автокөлік шеруін ұйымдастыруға немесе оған қатысуға, сондай-ақ ойын-сауық орталықтары, мейрамханалар, дәмханалар және басқа да қоғамдық тамақтану және демалыс орындарына баруға шектеу қойылады. -Мектеп аумағында және одан тыс жерлерде ата-аналар тарапынан ұжымдық түрде мерекелік іс-шаралар ұйымдастыруға, соның ішінде дастархан жайып, қаржы жинау әрекеттеріне жол берілмейді. - Қорытынды аттестаттау кезеңінде білім алушылар белгіленген мектеп формасын сақтауға, ішкі тәртіп қағидаларын қатаң ұстануға және жоғары деңгейдегі жауапкершілік танытуға міндетті. Ескерту: Аталған талаптар 4, 9 және 11-сынып білім алушылары мен олардың ата-аналарына тең дәрежеде қолданылады. Енгізілген шектеулер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, педагогикалық әдепті сақтау және білім беру процесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленген. Құрметті ата-аналар! Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтауларыңызды және балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз. Білім беру ұйымы үшін білім алушыларға сапалы білім мен тәрбие беру – басты міндеттердің бірі болып табылады.