Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Руханият ордасы"
03
қараша
2022
"Руханият ордасы"
Қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай "Руханият ордасы"  тақырыбында өткізілген жас ақындар мүшайрасы байқауының жеңіске жеткен №43 жалпы білім беретін 11-сынып оқушысы Баймұхан Мейрамбек 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі:  Р.К. Кумбаева
Театрдың ғажайып әлемі
02
қараша
2022
Театрдың ғажайып әлемі
№43 жалпы білім беретін мектебі "Театрдың ғажайып әлемі" қалалық байқауында мектепшілік "Алақай" қуыршақ театры бас жүлдені иеленіп, Астана қаласында өткен республикалық театр өнері фестиваль-байқауында жүлделі 1 орынды иеленді. Жетекшісі: Кумбаева Раушан Абаевна
Құттықтаймыз!
18
қазан
2022
Құттықтаймыз!
Республикалық “Ақберен” өнер байқауының аудандық кезеңінен “Ұлттық аспапта өнер көрсету” номинациясы бойынша 1 орынды жеңіп алғаны үшін Байтұрсынов Алихан мараппаталады, "Көркемсөз оқу"  номинациясы бойынша 1 орынды жеңіп алғаны үшін Меделхан Ильяс марапаталады.
"Қадыр оқулары"
30
сәуір
2022
"Қадыр оқулары"
5-11-сынып оқушылары арасында Қадыр Мырза-Әлі шығармаларын насихаттау, поэзияға деген құштарлықтарын  арттыру мақсатында республикалық «Қадыр оқулары» байқауының қалалық кезеңі өткізілді. Қадыр оқуларының  қалалық кезеңіне аудандық іріктеу кезеңінен өткен.  «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы...» - ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындау бағыты бойынша мектебіміздің "Үш қоңыр" тобы Алғыс хатпен марапатталды.
"Жаңа Қазақстан балалар көзімен"
29
сәуір
2022
"Жаңа Қазақстан балалар көзімен"
"Балалар және Әлеуметтік серіктестік жылдары" аясында Алматы қаласы "Ұстаз" кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген "Жаңа Қазақстан - балалар көзімен" атты балалар суреттері байқауының қалалық кезеңінде №43 жалпы білім беретін мектептің 5 "Ә" сынып оқушысы Нурсыдыкова Алина 1-ОРЫН иеленді. Жетекшісі: Канназарова Тілектес Куанышбайқызы.