Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Ілияс Жансүгіров оқулары"
07
сәуір
2026

"Ілияс Жансүгіров оқулары"

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!  Мектебіміздің  талапты оқушылары 8-11 сынып оқушылары арасындағы "Ілияс Жансүгіров оқулары" байқауының аудандық кезеңіне қатысып, барлығы жүлделі орындар иеленді. 10-сынып оқушысы Айнамқұл Арасел "Сұлу сөздің сүлейі" бағыты бойынша жүлделі 1-орын иеленсе,  9-сынып оқушысы Рустамқызы Айша "Ілияс - көркемсөз шебері" бағытының  жеңімпазы атанып, 1-орын иеленді. Ал 10-сынып оқушысы Әбдібек Альбина мен 8-сынып оқушысы Серікбай Жасия 2-дәрежелі дипломмен марапатталды. Байқауда топты жарып, жеңімпаз атанған шәкірттеріміздің  жетекшісі білікті педагог  Ағыман Балауса Амантайқызы. Енді қалалық "Ілияс Жансүгіров оқулары" байқауында  бақ сынайтын дарынды шәкірттеріміз Арасел мен Айшаға  сәттілік тілейміз!