Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 47
"Жалын"  дебат клубы
29
қазан
2021
"Жалын" дебат клубы
Алматы қаласы «Алматы дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Республикалық дебат турнирінің қалалық кезеңіне Жетісу ауданы №43 мектебінің “Жалын” дебат клубының мүшелері Садыкова Ясмин мен Ескендір Ерасыл қатысып арнайы сертификаттармен марапатталды. Жетекшісі: Г. Дүйсенбекова
"КҮЗ АРУЫ - 2021"
29
қазан
2021
"КҮЗ АРУЫ - 2021"
Оқушылардың ұйымшылдығын, қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту. Табиғат сұлулығын сезіне білуге,оны аялай білуге тәрбиелеу мақсатында  5-10 сынып оқушылары арасында  «Күз аруы-2021» байқауы өтті. Бас жүлде 8 «Ә» сынып оқушысы Досжан Динараға бұйырды. Жетекшісі: Қ.Нурсейтова
"ПАТРИОТТЫҚ РУХ - БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ"
29
қазан
2021
"ПАТРИОТТЫҚ РУХ - БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ"
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсанның 35 жылдығы аясындағы “ПАТРИОТТЫҚ РУХ - БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ” жобасы бойынша Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігін насихаттау мақсатында оқушылар арасында өткен аудандық “ҚАСИЕТТІ ДОМБЫРА” атты домбырамен ән айту күй тарту шығармашылық байқауына қатысып 10 “А” сынып оқушысы Меделхан Ілияс ІІІ  орын иеленсе, Көркем сөз оқу сайысында  10“А” сынып оқушысы Жайтуғанов Дамир І орын иеленіп қалалық байқауға жолдама алды.
"Ж. Жабайұлына 175 жыл"
16
қазан
2021
"Ж. Жабайұлына 175 жыл"
14.10.2021 жылы қалалық «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында «Ж. Жабайұлына 175 жыл»  мерей тойына орай ұйымдастырылған «Айтыс—сөздің майданы»  атты жас ақындар айтысына  Алматы қаласы Жетісу ауданы #43 жалпы білім беретін мектептің 10 «А» сынып оқушысы Баймұхан Мейрамбек Сәбитұлы қатысып, жүлделі 2-орынды иеленді.  Жетекшісі: Кумбаева Раушан Абаевна.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
16
қазан
2021
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Алматы қаласы Жетісу ауданы №43 жалпы білім беретін мектептің 9 "Ә" сынып оқушысы Ержанұлы Шыңғыс 2021жылдың 06.10 -11.10 аралығында  Өзбекстан мемлекетінде өткен  дзюдо күресінен 2007-2009ж. т. жасөспірім ұлдар арасында "Самурай"  спорт клубының Халықаралық турниріне қатысып, 1 орын иеленді.
"Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл ережелері"
15
қазан
2021
"Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл ережелері"
№43 ЖББ мектеп бойынша 15.10.2021 жылы, сағат 12.00 де төтенше жағдайлар департаментінің жер селкінісі кезінде өткізілетін іс-қимылдар туралы онлайн сабақ жүргізелді. Онлайн сабаққа 1-11 сынып оқушылары мен жетекшілері толық қатысып қажетті мәліметтерді алды.
Бұқаралық спортты дамыту.
08
қазан
2021
Бұқаралық спортты дамыту.
Бұқаралық спортты дамыту, жас ұрпақтың денсаулығын нығайту,балалардың бос уақытын ұтымды пайдалану мақсатында және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Жетісу ауданының  #43 ЖББ мектебінде  спорттың бірнеше түрінен тегін спорттық  секциялар ашылды.Сіздер, өз қалауларыңыз бойынша секцияларды таңдай аласыздар: баскетбол, волейбол, футбол.  Өтілу кестесі:  Сенбі күндері сағат 13.30 баскетбол, сейсенбі күндері сағат 12.00-волейбол, жұма күндері сағат 12.00-футбол.
"СЕН ӨЗГЕРСЕҢ, СЕНІҢ ӘЛЕМІҢ ДЕ ӨЗГЕРЕДІ"
07
қазан
2021
"СЕН ӨЗГЕРСЕҢ, СЕНІҢ ӘЛЕМІҢ ДЕ ӨЗГЕРЕДІ"
Мектеп психологтары Қ.Қ. Сапарова мен У.Б. Тлеубаеваның ұйымдастыруымен оқушылардың өмірге қызығушылығын оятып, өмірді сүюге, құрметтеуге, бағалауға  бейімдеуде «Сен өзгерсең, сенің әлемің де өзгереді»  атты оқушылар арасында тренинг өтті.                                                                                          Өмірге  деген құштарлықты сүйіспеншілікті арттыру мақсатында австралиялық  мотивациялық оратор  Ник Вуичичтің  “Қолыңнан бәрі келеді” бейнетаспасын  көріп, оқушылар
"АДАЛДЫҚ САҒАТЫ"
07
қазан
2021
"АДАЛДЫҚ САҒАТЫ"
Өскелең жас ұрпаққа адалдық пен парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіріп, жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында 5-11 сынып оқушыларына «Адалдық – ардың ісі» тақырыбында жалпы республикалық бірыңғай «Адалдық сағатын» өтті.
Нарколог Сәния Кеңесбековамен кездесу
06
қазан
2021
Нарколог Сәния Кеңесбековамен кездесу
5.10.2021жылы Алматы қаласы #43 жалпы білім беретін мектебінде қалалық нарколог Сәния Кеңесбековнаның қатысуымен 9-10 сынып оқушылары арасында профилактикалық жұмыс жүргізілді.