Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 15
«Еңбек ұтқырлығы орталығымен»
02
ақпан
2024
«Еңбек ұтқырлығы орталығымен»
Жетісу ауданында Алматы қаласы «Еңбек ұтқырлығы орталығымен» бірлесе отырып, Алматы қаласы Білім басқармасының «№43 ЖББМ КММ» 9-11 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар қызықтырған  сұрақтарын қойып, мамандықтар бойынша жауап ала алды
"Құлагер"
01
ақпан
2024
"Құлагер"
9 "Ә" сынып оқушылары  әдебиет сабағы бойынша қазақтың арынды ақын Ілияс Жансүгіровтің "Құлагер" поэмасын қорытындылау мақсатында Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына барып "Құлагер" қойылымын тамашалап  қайтты. Спектакльден кейін әдеби-кафе шарасы ұйымдастырып, оқушылар өзара қойылымнан алған әсерлерімен бөлісті.
ДосболLike акциясы
17
қаңтар
2024
ДосболLike акциясы
 Алматы қаласы білім басқармасының “Алматы дарыны” дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы ҚР ТЖМ төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесіп өткізіп жатқан «Объективте - «Қауіпсіздік» республикалық акциясына мектебіміздің өзін-өзі басқару мүшелері мен ТЖ министрлері қатысуда.
«Жігіт сұлтаны -2024»
15
қаңтар
2024
«Жігіт сұлтаны -2024»
15.01.2024 жылы №43 жалпы білім беретін мектебінде  5-10 сынып оқушылары арасында «Жігіт сұлтаны -2024» байқауы ерекше жоғары деңгейде өтті. Жүзден жүйрік қатысушылар байқауға барын салды. Бес кезең бойынша бақтарын сынап, бірі өнерімен таңдандырса, енді бірі алғырлығымен, шымырлығымен көзге түсті.  Байқау нәтижесінде, 🏆Бас жүлдені 10"А" сынып оқушысы Найманов Әли 🥇орынға 7"Ә" сынып оқушысы Қабылқақ Нұрасыл мен 9"Ә" сынып оқушысы Наурызбай Ислам  еншілесе, 🥈орынды 9"А" сынып оқушысы Доянбаев
«Көліктегі қауіпсіздік»
09
қаңтар
2024
«Көліктегі қауіпсіздік»
2024 жылдың 9 қаңтар күні  Алматы 2 Желілік полиция бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Аитов Айдын Зейнелханович мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.А.Кумбаеваның қатысуымен, №43 ЖББ мектептің  4,7 - сынып оқушыларына «Көліктегі қауіпсіздік» тақырыбында әңгіме-дәріс жүргізді.
«Адал ұрпақ –ұлт болашағының кепілі»
09
қаңтар
2024
«Адал ұрпақ –ұлт болашағының кепілі»
Адал ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе. Халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу- барлығымыздың борышымыз. Болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай, адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек.Адал еңбекқорлық-еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс – әрекеттерден аулақ болудан тұрады. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан
"Мен оқыған бір ертегі"
08
қаңтар
2024
"Мен оқыған бір ертегі"
Халқымыздың балаға тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі-ертегі. Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие. Ертегі баланы адалдыққа,тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.Тіл байлығын арттырады. Осы орайда 3"Б"сынып оқушыларымен "Мен оқыған бір ертегі" тақырыбында әңгіме жүргізілді. Оқушылар өздері оқыған ертегілерінің қысқаша мазмұнымен таныстырды.
"Әуезов және Айтматов"
19
желтоқсан
2023
"Әуезов және Айтматов"
Біртұтас тәрбие жоспарына   сәйкес  "Ассамблея жастары" жетекшілерімен мектеп парламенті "Әуезов және Айтматов: қырғыз-қазақ руханиятының алтын діңгектері" атты Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдық мерейтойына арналған әдеби кездесуге қатысып,  Қырғыз елінің өнерін тамашалады.
Құттықтаймыз!
18
желтоқсан
2023
Құттықтаймыз!
Жетісу ауданы №43 жалпы білім беретін мектептің 5 «А» сынып оқушылары математика пәні бойынша Алтын Сақа олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысып, Назыров Алдияр 1- орынды иеленіп, қалалық кезеңге жолдама иеленсе, Жүнісхан Әділет грамотамен мадақталды.  Жетекшісі: математика пәні мұғалімі Канназарова Тілектес. Білім алушыларды марапаттарымен құттықтаймыз!
16 ЖЕЛТОҚСАН-ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
14
желтоқсан
2023
16 ЖЕЛТОҚСАН-ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
16 ЖЕЛТОҚСАН-ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ  №43 жалпы білім беретін мектебінде "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында “Ұлттық мүдде” құндылығы негізінде 12-желтоқсан күні 1-11 сынып оқушыларына “Тәуелсіздік” күніне орай “Ұлттық рух-тәуелсіздік тірегі” тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттары өтті. ✅Мақсаты:Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу. Оқушылардын таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын, Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. «Патриот» сөзінің терең