Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 12
Тастекеев Дулат Тұрсынұлына  алғыс
10
сәуір
2024
Тастекеев Дулат Тұрсынұлына алғыс
Мектебіміздің «Нәзік» бишілер тобына қазақ көйлек тігуге демеушілік еткен Қазақстанның кәсіпкері, меценат, “TAS GROUP” компаниялары тобының негізін қалаушысы және басқарушысы,Алматы қаласы маслихатының депутаты Тастекеев Дулат Тұрсынұлына зор алғысымызды білдіреміз!
“Өнерлі ұстаз-2024”
05
сәуір
2024
“Өнерлі ұстаз-2024”
Музыка пәнінің мұғалімі Шәлекен Бақберген Жетісу  ауданының  жас ұстаздары арасында “Өнерлі ұстаз-2024” байқауына қатысып 2-орын иеленді!
Кәсіптік бағдар беру
03
сәуір
2024
Кәсіптік бағдар беру
Кәсіптік бағдар беру  Мектептің 9сынып оқушылары 3ші сәуір күні “Туризм және қонақжайлылық индустриялық” колледжіне  барып, шебер сыныпқа қатысты.   Мектеп оқушылары колледжбен танысып,  жағымды әсер алып қайтты.
"Ұлттық ойын —халық мұрасы"
20
наурыз
2024
"Ұлттық ойын —халық мұрасы"
20—Наурыз —Ұлттық спорт күні "Ұлттық ойын — халық мұрасы","Ұлы дала тарландары" атты қазақтың ұлттық ойындарынан жарыстар өткізу. №43 жалпы білім беретін  мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері  мектеп оқушыларымен әр түрлі ойындар ұйымдастырды:   садақ ату, бесасық, асықату, гір көтеру, ләңгі тебу т. б ойындар өткізілді. 
“Жақсылық жасауға кешікпе”
15
наурыз
2024
“Жақсылық жасауға кешікпе”
“Наурызнама” онкүндігінің бірі 15 наурыз – Қайырымдылық күні. Осыған орай, №43 жалпы білім беретін мектебінің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері “Жақсылық жасауға кешікпе” атты қайырымдылық акциясы аясында әртүрлі қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруда
Көрісу күнімен құттықтаймыз!🌷🌷🌷
15
наурыз
2024
Көрісу күнімен құттықтаймыз!🌷🌷🌷
Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күн! Көрісу күнімен құттықтаймыз!🌷🌷🌷 🌷🌷🌷Көрісу күні- қазақ халқының ежелден сақталған дәстүрі. Бұл күнді «Амал мерекесі» деп те атайды. Адамның адаммен, жылдың жылмен, қауышқан шағы. Пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиген шақ. Көрісу күні қазақ халқы бір-бірінің үйіне барып, өкпе-реніштерін ұмыт қалдырып, бір-біріне жақсы, жылы лебіздерін білдіріп жатады. Хакім Абайдың өзі «Қырдағы ел, ойдағы елмен араласып. Күлімдесіп, көрісіп, мауқын басып» деп жырлаған екен.
14 наурыз -"Көрісу күні - Амал мерекесі"
14
наурыз
2024
14 наурыз -"Көрісу күні - Амал мерекесі"
Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс.  Дана халқымыздың салтына сәйкес мектебіміздің мұғалімдері аға буын өкілдері - ардагер ұстаздардан амандық-саулық сұрасып, сәлем берді 
"Көктем аруы 2024"
13
наурыз
2024
"Көктем аруы 2024"
Мектебімізде 13.03.2024ж. күні "Көктем аруы 2024" атты 5-10 сыныптар арасында қыз сыны байқауы өтті. Мақсаты : Қыз балаларды имандылыққа, шапшаңдыққа, тазалыққа, шеберлікке баулу. 
«Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі»
13
наурыз
2024
«Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі»
13.03.2024 жылы №43 жалпы білім беретін мектебінің 7-11 сынып оқушыларына «Кәмелетке томағандардың жауапкершілігі» тақырыбында Жетісу ауданының КТІЖ полициясының учаскелік инспекторы Дадабаева Нургуль Жауынбаевна мен директордың тәрбиеісі жөніндегі орынбасары Р. А. Кумбаева профилактикалық әңгіме жүргізді.
"КӨКТЕМ АРУЫ" ҚЫЗ СЫНЫ БАЙҚАУЫ
12
наурыз
2024
"КӨКТЕМ АРУЫ" ҚЫЗ СЫНЫ БАЙҚАУЫ
№43 жалпы білім беретін мектебінде "КӨКТЕМ АРУЫ" ҚЫЗ СЫНЫ БАЙҚАУЫ" 🌷Қазіргі  заман  қыз  бала  тәрбиесіне ерекше мән  беруді  қажет  етеді.  Қыз  баланы  тәрбиелеу – ұлтты  тәрбиелеу  деген  сөз.  🌷Осы орайда 2024 жылдың наурыз айының 12-сі күні мектебіміздің  1-4 сынып оқушылары арасында  ұлттық  салт  дәстүрімізді қыз  бала  тәрбиесіне сіңіретін іс-шаралардың бірі "Көктем аруы" атты мектепішілік қыз сыны байқауын өткізді. 🌷Байқаудың мақсаты: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай