13
сәуір
2026
“Ғылым – болашақтың кілті”
“Ғылым – болашақтың кілті” тақырыбы аясында 7 «Ә» сынып оқушылары қазақтың көрнекті ғалымы Қаныш Сәтбаев туралы ғылыми фильм көрді. Фильм барысында оқушылар ғалымның өмір жолымен, ғылымға қосқан зор үлесімен және геология саласындағы жаңалықтарымен танысты. Қаныш Сәтбаев – Қазақстандағы ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан тұлға. Ол пайдалы қазбаларды зерттеп, еліміздің өндірістік әлеуетін арттыруға жол ашты. Фильмде ғалымның еңбекқорлығы, табандылығы және отанға деген сүйіспеншілігі ерекше көрсетілді. Оқушылар фильмнен үлкен әсер алып, ғылымның маңыздылығын түсінді. Олар ғылым арқылы болашақты дамытуға болатынын ұғып, өз білімдерін арттыруға деген қызығушылықтары артты