17
қазан
2025
«Қарттарым-асыл қазынам»
№43 жалпы білім беретін мектептің тәрбие жоспарына сәйкес 1-30 қазан «Қарттар айлығы» аясында «Қарттарым-асыл қазынам» тақырыбында қарттар мен оқушылар арасында дойбы, тоғызқұмалақ үстел ойындарынан спорттық іс шара ұйымдастырылды. Мақсаты оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.