25
қараша
2024
Бала құқығы - адам құқығы
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасын іске асыру негізінде “Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында “Бала құқығы - адам құқығы” тақырыбында дебат пікірталас сайысы өткізілді. Дебаттың мақсаты: адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру. Оқушыларды жаңа тақырыпты талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, ой өрісін, ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру.