28
наурыз
2023
"Бейбарыс сұлтанның ерлігі"
Бейбарыс сұлтанның 800 жылдық мерейтойына орай 28.03.2023ж.күні "Бейбарыс сұлтанның ерлігі" тақырыбында 5-11сынып оқушыларымен сынып сағаттары өткізілді, сабақ барысында қыпшақ даласынан шыққан Мысыр еліндегі Мәмлүктер мемлекетнің билеушісі Сұлтан Бейбарыстың өмірі туралы қызықты мәліметтер айтылып, сол кезеңдегі Алтын Орда ханы Берке хан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастары туралы айтылды. Сабақтың мақсаты: Қазақ даласынан шыққан әлемге танымал тұлға Бейбарыс сұлтанның қызметі туралы баяндап, білім алушылардың бойында елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру