ЕНТ-ның шекті балдары белгілі болды. » 43 школа
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №43»
Управления образования города Алматы
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Бухгалтерия
+7(727) 3827380
Версия для
слабовидящих
» » » ЕНТ-ның шекті балдары белгілі болды.
24
январь
2024

ЕНТ-ның шекті балдары белгілі болды.

Ең жоғары шекті балл – кемінде 75 балл "Құқық" және "Педагогикалық ғылымдар" білім беру бағдарламаларына түсу үшін бекітілген.

АСТАНА, 31 январь – Sputnik.2024 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу үшін шекті балл өзгеріссіз, кемінде 50 балл және ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл болып қалды, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

"Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" бағыты бойынша оқуға шешім қабылдаған талапкерлер ЕНТ-да кемінде 70 балл жинауы тиіс.

Ең жоғары шекті балл – кемінде 75 балл "Құқық" және "Педагогикалық ғылымдар" білім беру бағдарламаларына түсу үшін бекітілген.

"Сондай-ақ, талапкерлер әр жоғары оқу орны өзінің шекті балын қоя алатындығын да ескеру керек. Бұл құқық оларға төрт жыл бұрын академиялық еркіндік негізінде берілген еді. Мысалы, 80 балл жинаған талапкер математика мұғалімі мамандығына ұлттық ЖОО-ға түскісі келеді. Баршаға мәлім, "Педагогикалық ғылымдарға" шекті балл кемінде 75 балл, ал ұлттық оқу орындарына – кемінде 65 балл. Оқушының жинаған ұпайы жетіп тұр. Алайда, таңдалған университетте оқушының оқығысы келген мамандыққа шекті балл 85-тен басталады. Демек, оқушыға шекті балын 80-ге дейін белгілеген университетті іздеу керек. Жоғары оқу орындарының шекті балы жақын арада ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады", - деп атап өтті ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Еске сала кетсек, "Қазақстан тарихы" және екі бейіндік пән бойынша шекті балл – кемінде 5 балл, ал "Оқу сауаттылығы" және "Математикалық сауаттылық" пәндері бойынша шекті балл – кемінде 3 балл.

Похожие публикации:

21 декабрь 2021 Құттықтаймыз!
01 сентябрь 2018 Хабарландыру
13 январь 2015 6-қосымша