"Ықылас" атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайына саяхат » 43 школа
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №43»
Управления образования города Алматы
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Бухгалтерия
+7(727) 3827380
Версия для
слабовидящих
» » "Ықылас" атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайына саяхат
10
декабрь
2021

"Ықылас" атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайына саяхат

ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мектепшілік жоспарға сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында мектеп кітапханашысы Б.А.Ағыманова мен 3 «Ә» сынып жетекшісі Н.Б.Нусипбековалардың ұйымдастыруымен «Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайына» оқушылар саяхаттап қайтты. 
Әлем бойынша музыкалық аспаптарға арналған мұражайлардың бірі саналатын Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайы 1981 жылы ашылып, 1990 жылы мұражайға Ықылас Дүкенұлы есімі берілді.
Мұражайда қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарымен қатар әлемнің 50-ге жуық елінің мәдениетімен таныстыратын 8 экспозициялық зал жұмыс істейді. Мұражай қорындағы халық музыка аспаптары мұралары өзінің жіктелу тобына қарай жеке-жеке залдарға бөлініп қойылған. 
 3 «Ә» сынып оқушылары Аспаптар мұражайына барып, керемет әсер алып, балалық шақтарының бір күнін өнерге деген қызығушылықтарын арттырып қайтты.