Тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу
Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу бойынша Жетісу ауданы №43 жалпы білім беретін мектептебіне 2023 жылдың 30 наурызында Алматы қаласы МЭК комиссия құрамы санитарлық нормаларды сақтау мақсатында мектеп асханасының тамақтандыру бөліміне тексеру жүргізді. Шикі өнімдермен дайын болған тағамдарды сақтайтын орындар, тамақтану сапасын бақылау журналы, тамақтандыру бөлмесінің санитарлық жағдайы тексерілді. Тағамдарды өлшеу кезінде масса нормаға сәйкес келді.