"Адал ұрпақ-мәңгілік ел болашағы" » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Адал ұрпақ-мәңгілік ел болашағы"
19
қазан
2020

"Адал ұрпақ-мәңгілік ел болашағы"

Елбасының «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарының 13-қадамының жемқорлыққа қарсы күресті күшейту міндеттерін іске асыруда өткен жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, жергілікті әкімдіктердің қолдауымен білім беру ұйымдарындағы мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру аясында республика мектептерінде «Адал ұрпақ» еріктілер клубы» жобасы жұмысын бастаған-ды. Осы жоба аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында әрбір аймақта «Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубы құрылды. №43 ЖББ мектебінде 5-10 сынып оқушылары аралығында онлайн ант қабылдап және онлайн дебат сайысында «Адал ұрпақ – мәңгілік ел болашағы» екенін өз ой-пікірлерін ортаға сала отырып, талқылау, ұсыну, ойға-ой қосу арқылы өзіндік орта қалыптастыра білді.