№43 ЖББ мектеп білім алушыларының 2023 жылындағы жетістіктері » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №43 ЖББ мектеп білім алушыларының 2023 жылындағы жетістіктері
26
желтоқсан
2023

№43 ЖББ мектеп білім алушыларының 2023 жылындағы жетістіктері

  Алматы қаласы Жетісу ауданы №43 жалпы білім беретін мектептің 9 "Ә" сынып оқушысы Пішпек Анара  Атырау қаласында өткен "Махамбет оқулары" байқауының республикалық кезеңінде " Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер" бағыты бойынша 3-орын иеленді! Жеңімпаз дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.Жетекшісі Ағыман Балауса Амантайқызы

 

Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың Респусликалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің тіл білімі (Ағылшын тілі) секциясы бойынша жүлдегері №43 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Амангелді Жанерке III дәрежелі дипломмен марапатталды.Жетекшісі Бержембаева Айгерім Серікбайқызы

 

Халықаралық «Ғұмырдария» өнер байқауына белсене қатысып, мектебіміздің «Нәзік» би тобы 2-дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Алматы БалаFEST» қалалық балалар фестивалінің «Кітап-білім бұлағы» атты қалалық көркем оқу  байқауына қатысып, «Поэтикалық баттл» номинациясында үздік нәтиже көрсеткені үшін Баймұхан Мейрамбек 3 орынға ие болды. Жетекшісі- Аманбаева З.Т. «Бояулар құпиясы» АРТ аудандық  байқауы   өткізілді  «Менің сүйікті қалам - Алматы» номинациясы бойынша  аудандық кезеңінде  мектебіміздің  6 А сынып оқушысы  Манай Гүлдариға 3 орынды  иеленді. 

Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Алматы БалаFEST» қалалық балалар фестивалінің «Кітап-білім бұлағы» атты аудандық көркем оқу  байқауына қатысып, «Театр өнері арқылы-оқу» номинациясында үздік нәтиже көрсеткені үшін 1 орын №43 ЖББМ марапатталды. Жетекшісі- Спамбетова А.С

№43 жалпы білім беретін мектептің 8 Ә сынып оқушысы Мақсұтқали Нұрислам  «Taizharys talents» байқауында  аспапта ойнау жанры бойынша Бас жүлдеге ие болды. 

Жетекшісі - Байманов Нұрғиса.

Алматы қаласы мектеп оқушылары арасында өткен «Қазақстан балалары шексіз әлемде» атты 7 - республикалық кинофестивальдің қалалық кезеңінің «Музыкалық клип» номинациясының жеңімпазы 11 «А»  сынып оқушысы Баймұхан Мейрамбек 3 - дәрежелі дипломмен марапатталды.

Алматы қаласы білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «БІЗДІҢ «ЖОҚ!» ДЕГЕНІМІЗДІҢ МАҢЫЗЫ!» атты қалалық әлеуметтік бастамалар жобасына қатысып, №43 жалпы білім беретін мектебінің «Ақиқат»  командасы І орынды иеленді.

Мектепішілік «Алақай» қуыршақ театры «Театрдың ғажайып әлемі» қалалық байқауында бас жүлде, Астана қаласында өткен республикалық театр өнері фестиваль-байқауында жүлделі 1- орынды иеленді.

Қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай "Руханият ордасы"  тақырыбында өткізілген қалалық жас ақындар мүшайрасы байқауында жеңіске жеткен №43 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Баймұхан Мейрамбек 1- дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі- Р.А.Кумбаева.

5-6 сынып оқушылары арасында өткен математика пәнінен республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңінде көрсеткен ерекше жетістігі үшін мектебіміздің 6 «Ә» сынып оқушысы Қанат Мейіржан марапатталды.

«Дарын» республикалық ғылыми орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ақбота» зияткерлік олимпиадасынан 3 «А» сынып оқушылары Мурат Амирхан ІІ дәрежелі,  4 «А» сынып оқушылары Бейсен Темірлан, Еркадирова Айзере І дәрежелі, Базарбай Бексұлтан

ІІ дәрежелі, Жүнісхан Әділет, Қабдықалық Сержан

ІІІ дәрежелі, 3 «Ә» сынып оқушылары Жунусбек А.

І дәрежелі, Абдуллаева А., Бақытқали А. ІІ дәрежелі,      Естеу А., Тұрсынбек Ә. ІІІ дәрежелі, 4 «Ә» сынып  Бекберген А. І дәрежелі, Сансызбай А., Меделкан А., Арнұрқызы П. ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

      Жалпы   білім беретін мектептерге арналған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасына 3 «Ә» сынып оқушылары Жунусбек А. І дәрежелі, Абдуллаева А., Бақытқали А. ІІ дәрежелі, Естеу А., Тұрсынбек Ә. ІІІ дәрежелі, 4 «Ә» сынып Бекберген А. І дәрежелі, Сансызбай А., Меделкан А., Арнұрқызы П. қатысып, ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды

2 «Б» сынып оқушылары  «Ақбота» зияткерлік олимпиадасына қатысып, І, ІІ дәрежелі орындарды иеленді. 

І дәрежелі                                               ІІ дәрежелі

1.Азаматқызы Інжу                   1.Алпысбай Інжу 

2.Жұмахан Айсултан                2.Тұрысбек Айсана            

3.Марат Расул

4.Байболат Медина

 

Қалалық «Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» мектептік оқу-зерттеу жұмыстарының байқауында 3- орынды 11 - сынып оқушысы Жүнісханова Асел иеленді. Жетекшісі- Аманбаева З.Т.


Қалалық «Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» мектептік оқу-зерттеу жұмыстарының байқауында 3- орынды 11 - сынып оқушысы Жүнісханова Асел иеленді. Жетекшісі- Аманбаева З.Т.


Похожие публикации:

28 қараша 2023 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
21 желтоқсан 2021 Құттықтаймыз!
21 желтоқсан 2021 Құттықтаймыз!
21 желтоқсан 2021 Құттықтаймыз!