Іс-шаралар » Страница 24 » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 24
«Жол ережелері мен жол белгілері»
24
қаңтар
2023
«Жол ережелері мен жол белгілері»
24.01.2023 жылы Алматы қаласы Білім басқармасының №43 жалпы білім беретін мектебінде «Жол ережелері мен жол белгілері», «Жолда жүру ережесін сақтайық!» тақырыптарында 3-4 сынып оқушыларына дәріс оқылды. Дәріс Жетісу ауданының КТІЖ полициясының учаскелік инспекторы полиция лейтенанты Есенкулов Исламбек Қазыбекұлы мен полиция лейтенанты С.А.Сауалханның қатысуымен өтті.
"Нәзік би" үйірмесі
20
қаңтар
2023
"Нәзік би" үйірмесі
21.01.2023 жылы өткен 2 Халықаралық хореографиялық "БЕРИ ВЫШЕ" байқауында мектепішілік "Нәзік " би үйірмесінің кіші топ оқушылары 2 жүлделі  орынға ие болды.
"ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ"
19
қаңтар
2023
"ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ"
Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және АӘД пәні мұғалімі Қ.Бертаев  7-11 сыныптар арасында "ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ" тақырыбында ұлдар жиналысын өтті.
18.01.2023 ж. қыздар жиналысы өткізілді.
18
қаңтар
2023
18.01.2023 ж. қыздар жиналысы өткізілді.
18.01.2023 ж. қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыста қыздардың тәртібі, сабаққа қатысуы, мектеп формасы, жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын – алу, сенім жәшігі және сенім телефондары жайлы және қыз балалардың жеке гигиенасы, достармен және құрбылармен күнделікті қарым – қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидалары туралы айтылды.
«Агрессиямен күресудің практикалық дағдылары және  нейропсихологиялық кеңес»
18
қаңтар
2023
«Агрессиямен күресудің практикалық дағдылары және нейропсихологиялық
№43 жалпы білім беретін мектеп психологі Н.Ә. Базарғалиева, У.Б. Тлеубаева мен  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Р.А.Кумбаева мен Г.А. Балтабекова тәрбие жұмысын ұйымдастырумен қатар  психологиялық қызмет бағыттарын  жүзеге асыруда  «Агрессиямен күресудің практикалық дағдылары және  нейропсихологиялық кеңес» тақырып аясында ата-аналармен  коучинг жүргізілді. Ата-аналарға агрессияның пайда болу себептері мен одан арылу жолдары өз тарапынан  баланың агрессивті мінез-құлқының себебін
«Жүректен жүрекке» тренингі
28
желтоқсан
2022
«Жүректен жүрекке» тренингі
19-30 желтоқсан аралығында "БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮРЕГІН ЖЫЛЫТАЙЫҚ" атты акция ұйымдастырылды.      Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын жақсарту, психологиялық қолдау көрсету мақсатында  ұйымдастырылған «БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮРЕГІН ЖЫЛЫТАЙЫҚ» акциясы  аясында №43 жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналар арасында «Жүректен жүрекке» тренингі жүргізілді.  Тренинг отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың үйлесімділігіне, сүйіспеншілікті сезіндіргуе жол  ашты.
"БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮРЕГІН ЖЫЛЫТАЙЫҚ"
26
желтоқсан
2022
"БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮРЕГІН ЖЫЛЫТАЙЫҚ"
Алматы қаласы Жетісу ауданы №43 жалпы білім беретін мектебінде 19-30 желтоқсан аралығында "БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮРЕГІН ЖЫЛЫТАЙЫҚ" атты акция ұйымдастырылды. Бұл акцияға мектеп ұжымы атсалысып, іс-шара барысында 31 оқушыға жаңа жылдық тәттілер таратылды.
"Мұз қауіпсіздігі"
23
желтоқсан
2022
"Мұз қауіпсіздігі"
4"Ә" сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Нуралбекова Перизат Болатбиевна  "Мұз қауіпсіздігі "тақырыбы бойынша сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Судағы жүріс-тұрыс қағидаларын түсіндіру және судағы оқыс оқиғалардың алдын алуы.
"БІЗДІҢ "ЖОҚ" ДЕГЕНІМІЗДІҢ МАҢЫЗЫ!"
15
желтоқсан
2022
"БІЗДІҢ "ЖОҚ" ДЕГЕНІМІЗДІҢ МАҢЫЗЫ!"
Алматы қаласы білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген "БІЗДІҢ "ЖОҚ" ДЕГЕНІМІЗДІҢ МАҢЫЗЫ!" атты қалалық әлеуметтік бастамалар жобасына қатысып қала бойынша №43 жалпы білім беретін мектебінің «Ақиқат»  командасы І орынды иеленді. Жеңіс құтты болсын! Құттықтаймыз! Социальный проект под названием «НАШЕ «НЕТ!, ИМЕЕТ ЗНАЧЕНИЕ» организованный научно-методическим центром новых технологий Управления образования города
"Ақ жаулықты әжелер"
15
желтоқсан
2022
"Ақ жаулықты әжелер"
14.10.2022 жылы N43 жалпы білім беретін мектепте әже тәрбиесін үлгі етіп, әжелер айтқаны асыл екенін, әжелер өнегесінің ерекшелігін ашып, кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге баулуда айлық жоспарына сәйкес «Ақ жаулықты әжелер» атты сайыс өтті