«Мұқағали мәңгілік ғұмыр» » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мұқағали мәңгілік ғұмыр»
14
ақпан
2024

«Мұқағали мәңгілік ғұмыр»

Мұқағали Мақатаев - қазақтың  мұзбалақ ақыны. Ақиық ақынның 9 ақпан туылған күніне орай «Мұқағали мәңгілік ғұмыр» атты № 43 жалпы білім беретін мектебінде 2-11 сыныптар арасында  ашық  тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да, шыншыл ақын өлеңдерінің  мәні мен мазмұнына үңілу, ақын рухына тағзым жасап, құрмет көрсету болды. Сынып оқушылары ақын шығармаларын жатқа оқып, ақын өлеңдеріне жазылған әндерді шырқады. Ақынның сырға толы шығармаларынан рухани азық алды.