"Әжелер кеңесімен" » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Әжелер кеңесімен"
25
қазан
2023

"Әжелер кеңесімен"

"Даналық мектебі" клубының "Әжелер кеңесімен" бірлескен жоспарға сәйкес  1-4 сыныптар арасында "Әжелер сөзі-тәрбие көзі" атты әжелер байқауы ұйымдастырылды. 
Әжелеріміз – тәлім – тәрбиенің бастауы, бізге үлгі – өнеге көрсетер асыл жандар, қазыналы бұлақтың қайнар көзі ғой. Жанұяда бала тәрбиелеуде алатын орны ерекше – осы мейірімді әжелеріміз. Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Шоқан Уәлихановтың Айғаным әжесі, Абай атамыздың Зере, Мұхтар Әуезовтың Дінасыл әжелері қазыналы бұлақтың көзі болған әжелер. 
Байқауға қатысқан әжелеріміз өз өнерлерін көрсетіп, алғыс хаттармен  марапатталды. Мараппатарыңыз құтты болсын!