Мектептің оқу жылына дайындығын тексеру » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектептің оқу жылына дайындығын тексеру
25
тамыз
2023

Мектептің оқу жылына дайындығын тексеру

2023 жылдың 24 тамызында Алматы қаласы Жетісу ауданы №43мектептің жаңа 2023-2024 оқу жылына дайындық деңгейі тексерілді. Мектептің оқу жылына дайындығын тексеру үшін мектеп әкімшілігі, ата-аналар қауымы және қамқоршылық кеңес мүшелерінен тұратын комиссия құрылды.
 Тексеру  бойынша жүргізілді: қауіпсіздік жағдайы, санитарлық-гигиеналық жағдайы, кабинеттердің эстетикалық безендірілуі.
 Комиссия мүшелері оқушыларға қауіпсіз орта мен жайлы жағдай жасау мәселелеріне тоқталды. Пән кабинеттерінен басқа акт залы, спорт залы, кітапхана, асхана, жаңа спорт алаңы тексерілді.
 Тексеру қорытындысы бойынша барлық пән кабинеттерінде жөндеу жұмыстары жүргізілгені, қауіпсіздік техникасы талапқа сай, жарықтандыру өз деңгейінде, абаттандыру жұмыстары жүргізілгені анықталды. 
  Комиссия құрамы №43  ЖББ мектебін жаңа 2023-2024 оқу жылына дайын деп қорытындылады.