«Жас Ұлан, Жас қыран» » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жас Ұлан, Жас қыран»
30
мамыр
2023

«Жас Ұлан, Жас қыран»

Алматы қаласы Білім басқармасының «Оқушылар Сарайы» МКҚМ-нда «Жас Ұлан, Жас Қыран» ББЖҰ қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті.
2023 жылдың 2 маусымында Алматы қаласы Білім басқармасының «Оқушылар Сарайы» МКҚМ-нда «Жас Ұлан, Жас қыран» Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерін салтанатты қабылдау  жиыны өтті. Жиында «Жас Ұлан» ұйымы қатарына жаңадан қабылданған оқушылар Отансүйгіш азамат болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант беру рәсімін жасады. Сондай-ақ, ұйым мүшелеріне көк галстук пен «Жас Ұлан» төсбелгісі тағылды. Мектебіміздің 4-сынып оқушылары «Жас Қыран» ұйымына мүшелікке қабылданды. Тәуелсіз елдің көк туын биікте желбіретіп, абыройын асқақтататын азамат болуға тілектеспіз!