Последние публикации на сайте » Страница 12 » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 12
🎗🎗"МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ"
02
қазан
2023
🎗🎗"МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ"
🎗🎗"МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ" 📍2023 жылғы 27 қыркүйек күні 🏫 43 жалпы білім беретін мектебінде "Мектеп Парламенті" өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің қатысуымен алғашқы отырысы өткізілді.  📍Фракция жетекшілері сайланып, 2023-2024 оқу жылына арналған жоспарларын және жоспарға сай алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары туралы өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. 📍Мектеп тәлімгері А.Суюмбаева ұйым мүшелерінің жаңа оқу жылында атқарылатын жұмыстарына сәттілік тіледі.
"Кенгуру" ойын-конкурсы
01
қазан
2023
"Кенгуру" ойын-конкурсы
Алматы қаласы Жетісу ауданы №43 жалпы білім беретін мектептің 3"б"сынып оқушылары "Кенгуру" ойын-конкурсына қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Алпысбай Інжу ІІІ дәрежелі,Байболат Медина ІІІ дәрежелі,Нұрғазы Абдуррахим ІІІ дәрежелі орын иегерлері атанды.
«Эверест шыңы» атты тақырыпта тренинг
26
қыркүйек
2023
«Эверест шыңы» атты тақырыпта тренинг
          Дарынды (жоғары ынталы) оқушылар арасында қолайлы психологиялық климатқа ықпал ететін жағдайлар жасау мақсатында 7-11 сыныптың дарынды балаларына арналған «Эверест шыңы» атты тақырыпта тренинг өтіп, оқушылардың қабілеттерін, дарындылық қасиеттерін дамыту жолында «Өрмекші торы», "Сиқырлы көл" жаттығулары,  «Сыр сандық» ойыны жүргізілді.
"Жас ақындар мүшайрасы"
25
қыркүйек
2023
"Жас ақындар мүшайрасы"
Алматы қаласы "№1 Оқушылар үйінде "Жас ақындар мүшайрасы " атты ақындар мүшайрасы өтті.  Мүшайраның қадірлі қонағы  Мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының лауреаты, айтыскер ақын Сырым Әуезхан, Бексұлтан Дарын және Жеңісбек Ұларбек айтыскер ақындарымыз  қонақта болды. Оқушыларға айтыс өнері туралы толық ақпарат айтылып, оқушыларға айтыс өнеріне бағыт бағдар берілді. Мектебіміздің жас айтыскері 10-сынып оқушысы Сатыбалды Кәусар қатысып үлкен  өнеге, білім алып қайтты.
"Мен өмірді сүйемін"
23
қыркүйек
2023
"Мен өмірді сүйемін"
Тренинг тақырыбы: Мен өмірді сүйемін Мақсаты: өмірді сүюге,жақсы көзқарас қалыптастыруға,бағалай білуге үйрету. -Оқушыларға өмір туралы мотивациялық видеоролик көрсетілді. -Сергіту жаттығу: оқушылар белсене қатынасып, жақсы көңіл күймен бастадық. -Сұрақ жауап айдары: оқушылардың өмірге деген көзқарастары туралы сұрақтар қойылды. -Әріптер сөйлейді: оқушылар өз әріптеріне байланысты берілген сұрақтарға жауап беріп жақсы көңіл күй қалыптасты. -Ойланып көрейік айдары: оқушылардың ойлау
"Ақындар айтысы"
22
қыркүйек
2023
"Ақындар айтысы"
Жетісу ауданы №43 жалпы білім беретін мектепте "ТӨРТ ТОҚСАН-ТӨРТ ӨНЕР" тұжырымдамасына сәйкес 1-тоқсан "АҚЫНДАР АЙТЫСЫ " бағыты бойынша мектеп оқушыларына айтыс өнері жайлы мағлұматтар берілді.
«Орталық мемлекеттік архивінде»
21
қыркүйек
2023
«Орталық мемлекеттік архивінде»
2023 жылы 21 қыркүйек күні мектебіміздің білім алушылары РММ «Орталық мемлекеттік архивінде» өткен «Архив және болашақ ұрпақ» тақырыбындағы танымдық  іс-шараға 8 «А» сынып оқушылары қатысып, тамашалады.