Ардақ Назаровпен "Адалдық сағаты" » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ардақ Назаровпен "Адалдық сағаты"
02
қараша
2020

Ардақ Назаровпен "Адалдық сағаты"

АРДАҚ НАЗАРОВПЕН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ»
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кезекті онлайн «Адалдық сағатын» аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, кәсіби спортшы Ардақ Назаровпен өткізді.
Бейне-дәрістің кейіпкері спорттағы өмірін 1991 жылы грек-рим күресі секциясына келгеннен бастаған.
А.Назаров спорт жолында грек-рим күресі, джиу-джитсу және панкратион бойынша аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда жеңімпаз болып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, көптеген спорттық жарыстардың тұғырында Қазақстанның туын көтеріп жүлдегер атанған.
Сұхбат барысында атақты спортшы отбасы құндылығы, бірлік және өзара құрмет тақырыбында ойларымен бөлісіп, жастарды патриотизм мен парасаттылыққа шақырды.
Өз сөзінде «Парасатты адам деп кемеліне жеткен, ақылы толысқан, дұрыс шешім қабылдай білетін, рухани түрде дамыған даналықтың өнегесіне жеткен адамды айтамыз», – деп атап өтті.
А. Назаров жастардың кітап оқуға және өзін-өзі дамытуға деген қызығушылығын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды.
Ол өзінің барлық жеңістері мен жетістіктерін қажырлы еңбекпен байланыстырады, «басқа спортшылар аптасына 3 рет жаттығып жатқанда, мен 13 рет жаттығу жасадым, олар таңертең екі сағат дайындыққа уақыт бөлгенде, мен одан екі есе көп жұмыс жасадым» деді.
Бүгінде әлем чемпионы – көпшілік үшін үлгі. Әр кездесуде ол жастарды алға қойған мақсаттарына жету үшін аянбай еңбек етуге, үлкендерді құрметтеуге, Отанын сүюге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.
«Адалдық сағаты» акциясы аясында Қазақстанның танымал тұлғаларын тарта отырып, жастар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету жұмыстары жалғастырылатын болады.

Похожие публикации:

02 қараша 2020 "Адалдық сағаты"
02 қараша 2020 "Адалдық сағаты"