Жетістіктеріміз » Страница 2 » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жетістіктері
07
қазан
2023
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жетістіктері
Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру,  ғылым негіздері бойынша білімдерін тереңдету мақсатында  «Дарын» республикалық  ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен   оқушылар "Кенгуру" байқауына қатысты.   Байқаудың  қорытындысы бойынша 2"А" сынып оқушылары  I, II  дәрежелі дипломдармен және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сертификаттарымен марапатталды.
"Кенгуру"  конкурсының жетістіктері
06
қазан
2023
"Кенгуру" конкурсының жетістіктері
Жетісу ауданы, №43жалпы білім беретін мектептің 8"Ә"сынып оқушысы Садыкова Сайера "Кенгуру" ойын-конкурсының | дәрежелі диплом, 6 "А" сынып Зәуірбек Дарын III орын,  8 "Ә" сынып Муратхан Айгерім III орын иегерлері атанды.
Алғыс хат
05
қазан
2023
Алғыс хат
Оқу-ағарту министрлігінің атынан төл мерекеміз- мұғалімдер күнімен министр Ғани Бейсенбаев №43 ЖББ мектептің ұжымын құттықтады.
"Кенгуру" ойын-конкурсы
01
қазан
2023
"Кенгуру" ойын-конкурсы
Алматы қаласы Жетісу ауданы №43 жалпы білім беретін мектептің 3"б"сынып оқушылары "Кенгуру" ойын-конкурсына қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Алпысбай Інжу ІІІ дәрежелі,Байболат Медина ІІІ дәрежелі,Нұрғазы Абдуррахим ІІІ дәрежелі орын иегерлері атанды.
"Мектептегі өзін-өзі басқару құрылымының үздік моделі"
20
мамыр
2023
"Мектептегі өзін-өзі басқару құрылымының үздік моделі"
19.05.2023 жылы Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен "Мектептегі өзін-өзі басқару құрылымының үздік моделі" қалалық байқауының жеңімпазы Жетісу ауданы N43 ЖББ мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кумбаева Раушан Абаевна 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!🌹🌹🌹
«Жас құтқарушы»
19
мамыр
2023
«Жас құтқарушы»
19.05.2023 жылы №43 ЖББ мектеп оқушылары «Жас құтқарушы» аудандық жарысының қорытындысы бойынша, жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленіп, қалалық байқауға жолдама алды. Жетекшісі—Қ.Бертаев  Сәттілік!
«Менің отбасымның тарихы – архив құжаттарында»
18
мамыр
2023
«Менің отбасымның тарихы – архив құжаттарында»
Қазақстан Республикасы Президенті Архиві мен Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны»дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының бірлесе ұйымдастырған «Менің отбасымның тарихы – архив құжаттарында»  мектептік оқу-зерттеу жұмыстарының конкурсында №43 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Жүнісхан Әсел жүлделі 3-орынға ие болды. Жетекшісі –қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманбаева Зауре Тынысбайқызы
Құттықтаймыз!
15
мамыр
2023
Құттықтаймыз!
Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 9-11 сыныптар арасындағы республикалық олимпиаданың  аудандық кезеңінің жеңімпазы 9-сынып оқушысы Сағидолла Айша  І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баикуришова С.С   Құттықтаймыз!