Біз туралы » Страница 5 » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 5
Құттықтаймыз!
21
сәуір
2023
Құттықтаймыз!
№43 жалпы білім беретін мектептің 4 "А" сынып оқушылары Еркадирова Айзере мен Назыров Алдияр математика пәнінен "Алтын сақа" олимпиадасының аудандық кезеңінен жүлделі 2-орын иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды.
"Сын есім"
17
сәуір
2023
"Сын есім"
Бастауыш сыныптар бірлестігінің "Бастауышым-бастамам, білім жолын бастаған!" атты он күндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі Джексенбиева Н.Т  2"Б"сынып оқушыларымен  қазақ тілі пәнінен "Сын есім" тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты: сын есімдерді ажырату.
"Бағдаршам-біздің досымыз”
17
сәуір
2023
"Бағдаршам-біздің досымыз”
"Бастауышым - бастамам, білім жолын бастаған!" атты бастауыш бірлестігінің апталығы аясында бастауыш сынып мұғалімі А.А Кылышева мектепалды даярлық оқушыларымен "Бағдаршам-біздің досымыз”атты ашық тәрбие сабағын өтті. Мақсаты жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, жол белгілерін ажырата білуге, жол ережесін сақтауға, адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру.
"Көбейту мен бөлуге берілген есептер"
15
сәуір
2023
"Көбейту мен бөлуге берілген есептер"
  Бастауыш сыныптар бірлестігінің апталығы аясында бастауыш  сынып мұғалімі А.Бейсегерім 2"Ә"сынып оқушыларымен "Көбейту мен бөлуге берілген есептер"тақырыбында үлгілі сабақ өтті.Мақсаты:"Көбейту мен бөлуге берілген тура және жанама түрде тұжырымдалған есептерді шешу.
«Тағам және сусын.  11-ден 20-ға дейінгі сандар. Сандарды салыстыру»
14
сәуір
2023
«Тағам және сусын. 11-ден 20-ға дейінгі сандар. Сандарды салыстыру»
Мектептегі әр ұстаз ізденуді, білім беруді, баулуды, тәбиелеуді, шығармашылықпен еңбек етуді  міндет деп санайды.        Бастауыш сыныптар бірлестігінің «Бастауышым-бастамам,  Білім жолын бастаған!» атты онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі У.Б.Тлеубаева 1 «А» сынып оқушыларымен  математика пәнінен «Тағам және сусын.  11-ден 20-ға дейінгі сандар. Сандарды салыстыру»  тақырыбында ашық сабақ өтті. Білім алушылар сабаққа  ынталы болып, белсенділік таныта білді.
"Есептік және реттік сан есім"
13
сәуір
2023
"Есептік және реттік сан есім"
13.04.2023 жылы "Бастауышым - бастамам, Білім жолын бастаған!" атты бастауыш бірлестігінің апталығы аясында бастауыш сынып мұғалімі П. Б. Нуралбекова 3" Ә" сынып оқушыларымен "Есептік және реттік сан есім" тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты Есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын  анықтау.
“Оқуға құштар мектеп”
13
сәуір
2023
“Оқуға құштар мектеп”
“Оқуға құштар мектеп”жобасы бойынша 5-6 -сыныптар арасында “Білімділер бәйгесі“ ұйымдастырылды.Оқушылар Б.Соқпақбаевтың “Он алты жасар чемпион” повесін оқып талдады. Мақсаты: Өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем шығармаларды насихаттау, кітапханаға келуші оқырман санын ұлғайту. Ұйымдастырушы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Баикуришова С.С  мектеп кітапханашысы А.А. Куренкеева
"Қағаз ақша"
12
сәуір
2023
"Қағаз ақша"
"Бастауышым-бастамам, білім жолын бастаған!" атты бастауыш сыныптар бірлестігінің апталығы аясында бастауыш сынып мұғалімі Спанбетова А.Р. 3А сыныбында математика пәнінен  "Қағаз ақша" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты 1000 теңгелік, 2000 теңгелік, 5000 теңгелік ақшаларды ажыратуды және түрліше төлем жасауды үйрену.