«Отбасы сағаты» республикалық акциясы аясында өткізілген іс-шаралар » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Отбасы сағаты» республикалық акциясы аясында өткізілген іс-шаралар
13
мамыр
2019

«Отбасы сағаты» республикалық акциясы аясында өткізілген іс-шаралар



























№43 жалпы білім беретін мектеп бойынша «Отбасы сағаты» республикалық акциясы аясында жұмыс жоспары құрылып, іс-шаралар өткізілді.  22.04.2019ж. «Мектеп+бала+ата-ана» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларына сынып сағаттары өтті. 23.04.2019ж. «Менің отбасым» тақырыбында 1-8 сынып оқушыларының арасында сурет көрмесі өтті.

       25.04.2019ж. «Отбасым-менің тірегім» тақырыбында 1-сынып ата-аналарымен оқушылары арасында эстафеталық спорттық ойындар өткізді.

26.04.2019ж. «Ата-ана мен бала арасындағы сұрақ-жауап» тақырыбында 9 сынып ата-аналары арасында командалық диспут өткізілді. 

27.04.2019 жылы «Өмірлері үлгілі, ғұмырлары өнегелі» тақырыбында қабырға газеттері байқауы ұйымдастырылып, үздік жұмыстар марапатталды. 


   

























 29.04.2019 жылы 5-9 сыныптар арасында «Отбасы және поэзия» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды. Мәнерлеп оқу байқауы жеңімпазы 9 «А» сынып оқушысы Ермекбаева Еңлік мақтау қағазымен марапатталды.

30.04.2019 жылы 9-11 сынып оқушылары арасында «Отбасын жоспарлау-сіздің өміріңіздің сәттілігі!» тақырыбында мектеп мейірбикесі Д.Жуманова қыздармен әңгіме жүргізді.

      02.03.2019ж. «Мен және отбасым» тақырыбында 2-сынып ата-аналарымен оқушылары арасында эстафеталық спорттық ойындар өткізілді.



03.05.2019 жылы «Менің сүйікті отбасым» тақырыбында 1-5 сынып оқушылары арасында өткізілген сурет байқауында  бас жүлдені 5 «Ә» сынып оқушысы Қасымова Еркежан жеңіске жетіп мақтау қағазымен  марапатталды. 

















08.05.2019 жылы «Мен өз баламды жақсы білем бе?» тақырыбында мектеп психологы Г.А. Балтабекова ата-аналарға психологиялық  тренинг жүргізді.