"Қазақстан барысы" жеңімпазымен кездесу
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Рухани жаңғыру" бағдарламасын оқушылардың арасында насихаттап, өскелең ұрпақтың бойында елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту мақсатында 09.12.2021 жылы Алматы облысының балуаны, «Қазақстан барысының» 2011 жылғы жеңімпазы Ұлан Рысқұлмен сынып жетекшісі Г. Дүйсенбекованың ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Сұхбат барысында оқушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, спортта жетістікке жетудің сырлары туралы айтылды.